Абай атаға
Қазақтың бас ақыны- Абай ата,
Бергендей бүгінгі күн жасқа бата.
Жырларыңды жатқа айтып, ұл -қыздарың,
Сахнада көрдім міне ,жыр қызғанын.
Қазақтың бас ақыны- Абай ата,
Бергендей бүгінгі күн жасқа бата.
Жырларыңды жатқа айтып, ұл -қыздарың,
Сахнада көрдім міне ,жыр қызғанын.
Оралының мақтанышы, елін сүйген ұланым,
Қазақ үшін жазып кеткен қасиетті жыр-әнін.
Өлеңдерің рух береді, белестерді жығамын,
Ол жан мәңгі қалықтаған қазағымның қыраны.
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін!
Ақ дастарқан жайылды,
Табақ толы ас келді.
Бізге берген асыңыз,
Көбейе берсін басыңыз.
Мен ғашықпын бір аруға естен кетпес,
Көлеңкесін көрсетпейтін неткен елес.
Сүйіп тұрып құшалмай жүрген жүрек,
Сірәдағы тастан болар,еттен емес!?
Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Махаббатқа ақылшы кілең дана,
Сен дегенде болатын елең сана.
Жасандылық тұнып тұрған ғаламнан
Шынайылық күтіп едім сенен ғана...
Тәуелсіз елдің текті ұрпағы -
Алтынның сынығы бек сұлтаны.
Еліне еркелеген тентегі,
Тау тасын теуіп өскен тұлпары.
Сыйлаған жүрегіме жарық нұрды,
Көңілімнің бүршігін жарып тұрды.
Күнім-ау шашып тұрған сәулеңнің
Қызымыр қапырығы тарықтырды.
Бабалардың қалдырған мол асылы
Тарихпенен үйлескен жарасымы.
Ұрпағымын кешегі ұлылардың
Туған елдің мен болам жанашыры
Бақытты өмір құшағында
Бейбіт елім тыныш еді.
Тұтқиылқан кең далама
Опасыздық желі ескен-ді.
Өмірдің сұрағы көп іздегенге,
Таппайсың сұрасаң да айналаңнан.
Бір Аллаға ниет етсең шарқ ұрмай ақ
Келер жауап біртіндеп қабырғаңнан...
Баянды егемендік бұл елімде,
Білім алып, шат болып жүремін де,
Туған елге деген ыстық сүйіспендік ,
Орнаған мәңгілікке жүрегімде.
Қалықтаған қыранбыз біз, әуелеп ұшқан сұңқармыз,
Досы десе жанын беріп , дұшпаны келсе құртармыз.
Тәуелсіз елміз, қара қылды қақ жаратын данамаз,
Бәйгеге түсіп, тұяғы жерге тимей шапқан тұлпармы...
Жаңбырдан кейінгі,
Иісті ұнатам.
Бар мұңды сейілтіп,
Ақ тамшы құлаған.
Міне, бүгін жаңа дәуір басталды,
Елбасымыз қолдап жатыр жастарды.
Рухани жаңғыруды мақсат қып,
Көз тігемін биік тауға асқарлы.
Қызылқоғам ауылым - құт мекенім,
Өзіңе арнап жыр жазып тебіренемін.
Алыс жаққа шықсам дағы сағынамын,
Саған да мен әлі талай сыр шертемін.
Жүрегім ауырмашы сыздамашы.
Өзгелерді құр әуреге салдырмашы.
Кенеттен сен егер де тоқтап қалсаң,
Сүйгенімнің тағдыры не болмақшы.
Ата Тілім менің,
Сенің күркіреген күндей қасиетті Дауысыңды
Шеше құрсағына біткенімнен-ақ естігем.
Өмір – мынау, дүние қуа дабырласқан көш түмен!..
Бақытты жан құлақ сал тыңда мені,
Естіле ме сезімнің түнгі əуені ?
Сезесің бе көңілдің əуені ғой,
Сенде сезім бола ма түнде əдемі ?
Жүрегінде терең жатқан бар мұңы,
Маған ұқсас көрінеді барлығы.
Қапалақтап қар жауатын қаңтарда,
Жауып жатыр Алматының жаңбыры.
Мына заман қай заман азған заман,
Бiр-бiрiне терең ор қазған заман.
Бетiнде сау астында толған шiрiк,
Мына заман түбiнен тозған заман.
Ойласаңда не бір ойлар не түрлі,
Ренішімді айтамын деп бекіндім.
Бір білерім тұнып тұрған ақиқат,
Қалған көңіл сынған шыны секілді.
Есімде, күліп-ойнап жүргенім
Асыр салып, қуанып, жүгіргенім.
Шалынып қалып,сүрініп, құлағаным
Қайта тұрып күлімдеп өткен кезім.
Туған жерім – қасиетім, ардағым,
Сенсің менің ең аяулы арманым.
Сенде түлеп, қанатымды қатайтып,
Асқар шыңды биіктерге самғадым.
Қазақ тілім жетімнің күйін кешті,
Қан жылайды жүрегім, күйінішті.
Босағадан сығалап, еніп жайлады,
Ағылшынша тұнығыңды лайлады.
Қазақ тілім жетімнің күйін кешті,
Қан жылайды жүрегім, күйінішті.
Босағадан сығалап, еніп жайлады,
Ағылшынша тұнығыңды лайлады.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі