Дүние адастырар қуғаннан соң, Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң. Дүние – аз күншілік фани жалған, Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң. Ілмектер: дүние, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Дүние адастырар қуғаннан соң, Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң. Дүние – аз күншілік фани жалған, Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн, Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн. — Абай Құнанбайұлы дүние, ой
Сарқылмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да, Уақтысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген пәни бұл, Баласы жоқта мият жоқ, Бәрінен қиын сол екен, Артыңда жанған шырақ жоқ... — Әйтеке би дүние, бұлақ
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. — Білге қаған Дүниеқоңыздық, тойымсыздық
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар. — Сырым Датұлы көңіл, қайғы
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. — Жүсіпбек Аймауытов ана тілі, тіл
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік. — Әл – Фараби дүние, көз
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. — Абай Құнанбайұлы ар, мал
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі