Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Ілмектер: заман, мінез, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, әдет
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! — Мұқағали Мақатаев уақыт, адам
Үлкен-кіші адамнан иба кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлық бұзатын әдет жетті, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи заман, мінез
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп. — Асан қайғы заман, сөз
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. — Әл – Фараби ақыл, мінез
Ақырзаман болғанда Қатын би болар Сиыр пұл болар Туған балаң қу болар Үй ішінде неше жан болса, Бас-басына би болар. — Мөңке би ақырзаман, қатын
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі