Мықты ұлт болғысы келетін елдің өсегі аз, ісі көп болса керек. Ілмектер: ұлт, өсек, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақберен Елгезек Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мықты ұлт болғысы келетін елдің өсегі аз, ісі көп болса керек.
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. — Махамбет Өтемісұлы Достық, Өсек
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. — Бауыржан Момышұлы ұлт, сатқындық
Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке, Өлшеуі жоқ бай заман. — Шәкәрім Құдайбердіұлы заман, қоғам
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. — Мұхтар Әуезов ұл, қыз
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі