Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс. Ілмектер: өсек Бауыржан Момышұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. — Махамбет Өтемісұлы Достық, Өсек
Мына заман қай заман, Қаскүнемге жай заман. Араздық пен өсекке, Өлшеуі жоқ бай заман. — Шәкәрім Құдайбердіұлы заман, қоғам
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол. — Есей би Алдамұратұлы өсиет, өсек
Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады. — Жүсіп Баласағұни жақсы, өсек
Әзілде кек, өсекте шек жоқ. — Мұхтар Әуезов әзіл, кек
Журналистика – бұл ұйымдасқан өсек. — Оскар Уайльд журналистика, өсек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі