Ахмет Байтұрсынұлы — халықтың рухани көсемі. Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, халық, рухани көсем, Мұхтар Әуезов, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ахмет Байтұрсынұлы — халықтың рухани көсемі.
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! — Әйтеке би бай, пайда
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет — Шоқан Уәлиханов халық, кемел
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды. — Абай Құнанбайұлы уайым, салғырт
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. — Әлихан Бөкейханов тұрмыс, тіл
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. — Мұхтар Әуезов халық, адам
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі