Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (58) Өлеңдер (48) Жоспарлар (6) Ұлағатты сөздер (8)

Ахмет Байтұрсынұлы — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "Ахмет Байтұрсынұлы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, ана тілі, әдебиет, білім, саясат Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ әдебиеті, өлең, қазақ зиялылары Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, ұлт Сәкен Сейфуллин
WhatsApp Telegram

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ тілі, тұңғыш әліппе, оқулық, авторы, Халық ұстазы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Рәбиға Сыздықова
WhatsApp Telegram

Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері.

Ілмектер: қазақ әдебиеті, әліпби, білім, оқу, Ахмет Байтұрсынұлы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Зейнолла Қабдолов
WhatsApp Telegram

Ахмет Байтұрсынұлы — халықтың рухани көсемі.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, халық, рухани көсем, Мұхтар Әуезов, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны...

Ілмектер: сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз, Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram