Көзінің алдын ғана ойлайтын адамның көрі жақын болады, Көптің қамын ойлайтын адамның төрі жақын болады. Ілмектер: көр, қам, адам, төр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жәди Шәкенұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көзінің алдын ғана ойлайтын адамның көрі жақын болады, Көптің қамын ойлайтын адамның төрі жақын болады.
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. — Шалкиіз Тіленшіұлы ағайын, туыс
Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді. — Абай Құнанбайұлы ішу, жеу
Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында. — Нарша Булгакбаев байлық, адам
Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. — Абай Құнанбайұлы көрсеқызарлық, жеңілтектік
Инабатты болса – әйел көрікті, Ақ сақал жарасса – шал көрікті, Сүйікті болса – ағайын көрікті. — Қорқыт ата инабат, көрік
Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай? Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай? Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. — Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу, көру
Іші тар адам нақ бір өз дұшпанына қастық қылғандай, өзін-өзі кейістікке ұшыратады. — Демокрит көре алмаушылық, дұшпан
Хабарлама
INFO
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі