Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің, Артылғандай есекке. Ілмектер: жаман, әйел, есек, өмір, арман Майлықожа Сұлтанқожаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің, Артылғандай есекке.
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың. — Абай Құнанбайұлы жаман, дос
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. — Қорқыт ата ана, ата
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Табалдырықтан биік тау жоқ, Жаман ағайыннан асқан жау жоқ. — Сырым Датұлы жаман, жау
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі