Мақал-мәтелдер жинағы: қазақша мақал мәтелдер – 31-бет

Ара, тисең, шағады.

Ілмектер: ара, шағу
WhatsApp Telegram

Ара қанша бал берсе де,
Зәрін бір төкпей тұрмайды.

Ілмектер: ара, зәр, бал
WhatsApp Telegram

Аңшы қанша айла білсе,
Аю сонша жол білер.

Ілмектер: аңшы, айла, аю
WhatsApp Telegram

Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады.

Ілмектер: аңшы, арыстан
WhatsApp Telegram

Аңқау түйені көрмес.

Ілмектер: аңқау, түйе
WhatsApp Telegram

Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.

Ілмектер: аңқау, қонақ, үй, сый
WhatsApp Telegram

Аңдысқан ауыл болмас,
Ит балалап сауын болмас.

Ілмектер: аңдысу, ауыл, ит, сауын
WhatsApp Telegram

Аңдамаған у ішеді.

Ілмектер: аңдамау, у
WhatsApp Telegram

Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.

Ілмектер: аңғару, ауру, өлім
WhatsApp Telegram

Ант-уәде жоқ кәпірден.

Ілмектер: ант, уәде, кәпір
WhatsApp Telegram

Андыз болса, ат өлмес.

Ілмектер: ат, өлім
WhatsApp Telegram

Анасы пысық — жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей — қат-қаттап қосып асар.

Ілмектер: ана, пысық, бала, жұқа
WhatsApp Telegram

Анамда болғанша,
Алғанымда болсын.

Ілмектер: ана, жар
WhatsApp Telegram

Ана сүтіменен көрмесе,
Тана сүтіменен көрмес.

Ілмектер: ана, тана, сүт
WhatsApp Telegram

Аман жүрген кезде асығыс жоқ.

Ілмектер: амандық, асығыс
WhatsApp Telegram

Аман адам амалымен пәрменді,
Өткереді талай мақсат, арманды.

Ілмектер: амал, мақсат, арман
WhatsApp Telegram

Алыстан қара көрінсе,
Қаша берсең, амансың.
Жекеп-некеп қоймаса,
Қайрылмаса, жамансың.

Ілмектер: алыс, жаман
WhatsApp Telegram

Алыстағы дұшпаннан
Аңдып тұрған орыс жаман.

Ілмектер: алыс, дұшпан, орыс, жаман
WhatsApp Telegram

Алыссаң, атаңды жық,
Аясаң, қоя бер.

Ілмектер: ата, аяу, алысу
WhatsApp Telegram

Алысқа барса, олжамен оралар.

Ілмектер: алыс, олжа
WhatsApp Telegram

Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.

Ілмектер: жол, қол
WhatsApp Telegram

Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.

Ілмектер: адал, көпшіл, жол
WhatsApp Telegram

Алыс пенен жуықты білген, жүрген білер.

Ілмектер: алыс, жуық
WhatsApp Telegram

Алыс жолдың іздерін түйе білер.

Ілмектер: жол, түйе, із
WhatsApp Telegram

«Алыс» деме, жүріп кетсең, жетерсің,
«Ауыр» деме, иыққа алсаң, көтерерсің.

Ілмектер: алыс, ауыр, иық
WhatsApp Telegram

Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.

Ілмектер: алыс, жол, соқыр, қыз
WhatsApp Telegram

Алып түссе, құп болады,
Алмай түссе, мерт болады.

Ілмектер: алып, мерт
WhatsApp Telegram

Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.

Ілмектер: алып, жау, дау, байсалды
WhatsApp Telegram

Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.

Ілмектер: ел, алып, дүрлігу, данышпан, күн
WhatsApp Telegram

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Ілмектер: алып, ана, бие, ат
WhatsApp Telegram