Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.
Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.
Ілмектер: еңбек, жалқаулық, қуаныш, азап Абай Құнанбайұлы
Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?!
Ілмектер: қайрат, шашылу Ахмет Байтұрсынұлы
Не ойлауды емес, қалай ойлауды үйреткен ата-анама алғысым шексіз.
Ілмектер: ойлау Ричард Докинз
Ішің жақсы болса, сыртың да дұрысталады.
Ілмектер: адам, ішкі дүние Экхарт Толле
Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев
Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.
Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев
Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.
Ілмектер: ұят, қиянат Шерхан Мұртаза
Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.
Ілмектер: ұят Төле би Әлібекұлы
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
Ілмектер: Ар, махаббат Міржақып Дулатұлы
Ұят қымбат, ар қымбат,
Ілмектер: жар Қазыбек Келдібекұлы
Жаның сүйген жар қымбат.
Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.
Ілмектер: мал, ар Қожа Ахмет Йассауи
Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.
Ілмектер: надан, түсінбеушілік Имам Тақи
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.
Ілмектер: еңбек Абай Құнанбайұлы
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ
Ілмектер: жастық Абай Құнанбайұлы
Көптеген кіші амалдар ниетпенен өседі, қаншама үлкен амалдар болса ниетпенен кішірейеді.
Ілмектер: ниет, дәйексөз, амал, цитата Имам Раббани
Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.
Ілмектер: қарапайымдылық, сұрау, ар Саиф Сараи
Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.
Ілмектер: Рух, намыс Шерхан Мұртаза
Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.
Ілмектер: намыс Сырым Датұлы
Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
Ілмектер: Ар, дәйексөз, жаза Мұхтар Әуезов
Ұяты бармен-ұрыс,
Ілмектер: Ұят, дәйексөз Махмұд Қашқари
Ұятсызбен-ұстаспа.
Өлімнен ұят күшті
Ілмектер: ұят, Орхон Орхон жазу ескерткіші
Ұят-жаман ойдың жүгені.
Ілмектер: ұят Жүсіп Баласағұни
Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ілмектер: ұят Жүсіп Баласағұни
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер.
Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Ілмектер: ұят, цитата, дәйексөз Жүсіп Баласағұни
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.
Опасызда ұят жоқ,
Ілмектер: Ұят Әлішер Науаи
Ұятсызда опа жоқ.
Кедейлік – жағдайына шүкірлік етіп, ешкімге шағымданбай, қажеттілігін жасыру деген сөз.
Ілмектер: Кедейлік, шүкір, шағым Ибраһим Хаввас
Көз - Құдайдың құдіреті мен өнерін көру үшін берілген, дос-жардың айыбын көру үшін емес.
Ілмектер: дос, өнеге Саади Ширази
Өзіне парыз болған ілімді үйрену, бүкіл табыстардан да артық тұрады. Барлық адамдар үшін білім үйренуден артық ешнәрсе жоқ.
Ілмектер: білім алу Ахмет Намық Жами
— Сіз өмірді қаншалықты бағалайсыз?
Ілмектер: Өмір, бағалау Ричард Фейнман
— Алпыс төрт.
— Неге «алпыс төрт» дедіңіз?
— Сіз өмірді қандай өлшеммен бағалау керек деп ойлайсыз?
— Жоқ! Мен неге «алпыс төрт» дедіңіз, мысалы неге «жетпіс үш», емес деп сұрап отырмын?
— «Жетпіс үш» десем де осы сұрақты қояр едіңіз ғой!
Сен "Мен істей аламын, бірақ істемеймін" деп айтасың. Бірақ бұл - мен істей алмаймын деген сөздің басқаша айту тәсілі.
Ілмектер: мойындау Ричард Фейнман
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі