Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 269-бет

Ұрсаң – секірт,
Асатсаң – кекірт.

Ілмектер: ұру
WhatsApp Telegram

Қонақасын қожасы асаса да,
Қонағына де кезек келер.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Үйленуді де үйрену керек.

Ілмектер: үйлену, үйрену
WhatsApp Telegram

Шөлмекшіден шөлмек сұрай ма екен.

Ілмектер: сұрау, шөлмек
WhatsApp Telegram

Үлес те емес,
Бөліс те емес.

Ілмектер: үлес, бөлісу
WhatsApp Telegram

Шықпаған жанда үміт бар.

Ілмектер: үміт
WhatsApp Telegram

Шалбары жоқтың ойынан алты кез бөз кетпес.

Ілмектер: шалбар, киім
WhatsApp Telegram

Істі азанда бастасаң,
Іңірде тойларсың.

Ілмектер: іс
WhatsApp Telegram

Орылмай тұрып қурайды.

Ілмектер: орақ, қурау
WhatsApp Telegram

Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.

Ілмектер: ағаш, адам
WhatsApp Telegram

Қызбен күреспе,
Қысырмен жарыспа.

Ілмектер: қыз, күрес, жарыс, қысыр
WhatsApp Telegram

Жаяудың көлігі – шарық,
Күші – азық.

Ілмектер: жаяу, көлік
WhatsApp Telegram

Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.

Ілмектер: жүк, түйе
WhatsApp Telegram

Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.

Ілмектер: жалғыздық, ақымақ, жолдас
WhatsApp Telegram

Ет тырнақтан ажырамас.

Ілмектер: ет, тырнақ
WhatsApp Telegram

Аш не жемейді,
Тоқ не демейді.

Ілмектер: аш, тоқ
WhatsApp Telegram

Тауды арқанмен жығуға болмайды,
Теңізді қайықпен жабуға болмайды.

Ілмектер: тау, теңіз
WhatsApp Telegram

Ескі садақ сынығынан,
Жаңа садақ шығады.

Ілмектер: ескі, жаңа, садақ
WhatsApp Telegram

Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.

Ілмектер: тал, ағаш, жұмсақ, қатты
WhatsApp Telegram

Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды.

Ілмектер: арыстан, қарттық, тышқан, ін
WhatsApp Telegram

Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.

Ілмектер: мың, көл
WhatsApp Telegram

Қос қылыш бір қынапқа сыймайды.

Ілмектер: қылыш
WhatsApp Telegram

Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.

Ілмектер: көр, үй, аңшы
WhatsApp Telegram

Белгі болса, адам жолдан адаспайды,
Білігі болса, кісі сөзден шатаспайды.

Ілмектер: жол, сөз
WhatsApp Telegram

Жалқауға бұлттың көлеңкесі де жүк.

Ілмектер: жалқау
WhatsApp Telegram

Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.

Ілмектер: батыр, дана, жау, сынақ
WhatsApp Telegram

Құрғақ ағаш иілмейді.

Ілмектер: ағаш
WhatsApp Telegram

Батырды ренжітіп, зәбір қылма.
Ұшқыр аттың арқасын жауыр қылма.

Ілмектер: батыр, ренжіту
WhatsApp Telegram

Бөрік бассыз болмас.

Ілмектер: бөрік, бас
WhatsApp Telegram

Жалғыз қаз қаңқылдамас.

Ілмектер: жалғыздық, қаз
WhatsApp Telegram