Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 617-бет

Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол,
Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол!

Ілмектер: қайрат
WhatsApp Telegram

Бір жерің ауырып тұрған болса, ешкімге білдірме. Әйтпесе, дәл сол ауырып тұрған жеріңнен соққы жасайды.

Ілмектер: қастандық
WhatsApp Telegram

Өзіңді рахаттандыратын іспен айналысу, бостандық болып табылады.

Ілмектер: бостандық, цитата, дәйексөз
WhatsApp Telegram

Өзіңнің бір грамм тәжірибең, өзгенің берген бір тонна ақылынан ауыр басады.

Ілмектер: мотивация
WhatsApp Telegram

Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, қиын жолдармен жүргізеді. Өйткені бақытқа оңай жолмен жету мүмкін емес.

Ілмектер: қиын, бақыт, жол Далай-Лама
WhatsApp Telegram

Шаршасаң демалып ал. Бірақ сен ешқашан бірінші болмайсың

Ілмектер: мотивация
WhatsApp Telegram

Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің.

Ілмектер: Өмір Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бейшараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.

Ілмектер: Диоген
WhatsApp Telegram

Агата Кристиге таныстары:
-Неге археологқа күйеуге шықтыңыз? — десе, ол:
-Бұларға көнерген сайын құның арта беред — деген екен.

Ілмектер: Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Бір философтан «Сіз сәттілікке сенесіз бе?» деп сұралғанда философ былай деп жауап қатыпты: «Иә, әйтпесе жақсы көрмейтін адамдарымның жетістіктерін қалай түсіндірер едім.»

Ілмектер:
WhatsApp Telegram

Бір сұлу қыз көшеде кетіп бара жатып, аяғы сүрініп құлап қалыпты. Сол маңда тұрған 3-4 жігіт мұны көріп қарқылдап күліп жіберіпті. Үстін сүртіп орнынан тұрған қыз жігіттерге қарап:
- Бұл маңда ер адамның болмағаны қандай жақсы болды, әйтпесе ұят болар еді - депті

Ілмектер: Әдеп
WhatsApp Telegram

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ілмектер: Достық, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан

Ілмектер: Достық, жан Аристотель
WhatsApp Telegram

Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.

Ілмектер: Достық Цицерон
WhatsApp Telegram

Жаман қорыққанын сыйлайды.

Ілмектер: жаман, қазақ мақалы, сыйластық
WhatsApp Telegram

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Ілмектер: Әдеп, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.

Ілмектер: үлгі-өнеге
WhatsApp Telegram

Сүтіңді балаңа, өміріңді Отаныңа арна

Ілмектер: орыс мақалы, Отан
WhatsApp Telegram

Отан - барлық аналардың анасы

Ілмектер: орыс мақалы, Отан
WhatsApp Telegram