Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 609-бет

Бір сұлу қыз көшеде кетіп бара жатып, аяғы сүрініп құлап қалыпты. Сол маңда тұрған 3-4 жігіт мұны көріп қарқылдап күліп жіберіпті. Үстін сүртіп орнынан тұрған қыз жігіттерге қарап:
- Бұл маңда ер адамның болмағаны қандай жақсы болды, әйтпесе ұят болар еді - депті

Ілмектер: Әдеп
WhatsApp Telegram

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ілмектер: Достық, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан

Ілмектер: Достық, жан Аристотель
WhatsApp Telegram

Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ.

Ілмектер: Достық Цицерон
WhatsApp Telegram

Жаман қорыққанын сыйлайды.

Ілмектер: жаман, қазақ мақалы, сыйластық
WhatsApp Telegram

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Ілмектер: Әдеп, қазақ мақалы
WhatsApp Telegram

Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.

Ілмектер: үлгі-өнеге
WhatsApp Telegram

Сүтіңді балаңа, өміріңді Отаныңа арна

Ілмектер: орыс мақалы, Отан
WhatsApp Telegram

Отан - барлық аналардың анасы

Ілмектер: орыс мақалы, Отан
WhatsApp Telegram