Мен неге осыншама ғашық болдым?
Мен неге осыншама ғашық болдым?
Мен неге осыншама тасып-толдым?
Өйткені, мәңгі жұмбақ жүрегіңнің
Қақпасын мейірімді ашып көрдім.
Мен неге осыншама ғашық болдым?
Мен неге осыншама тасып-толдым?
Өйткені, мәңгі жұмбақ жүрегіңнің
Қақпасын мейірімді ашып көрдім.
Тәңірге сенгенімнен,
Өрекпіп өр көңілмен,
Өлердей ғашық болдым,
Өзіңді көрген күннен.
Алқынғандай, талпынғандай боласың,
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын.
Көкірегіме менің сыймай барасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың!
Уа, шіркін, ғашықтықпен көңілде арман,
Жетем деп мақсатыма көңілге алған.
Жас жүрек көтеріліп қылмас тұрақ,
Келер деп қашан хабар ғашық жардан.
Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен,
Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен.
Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін,
Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен.
Айдын көлдің аққуы,
Қонған кезде барсам ба?
Аяз қысып, гәккуі –
Тоңған кезде барсам ба?!
Дейсің дәйім: «тегі асыл қазақ едік!
Көп халықтан бөлекше ғажап едік!»
Өмірге ғашық адам, өлімді айтса,
Аза бойың кетеді қаза болып.
Ғашыққа толы ғалам.
Әйел боп – жаралаймын!..
Қаламды қолыма алам.
Айнама қарамаймын...
Шабыты шарықтады қанат жырдың.
Таза ауада тыныстап таң аттырдым.
Асқаралы Алатау шыңдарына,
Көзім тоймай, сүйсініп қарап тұрдым.
Мен менсінбегем.
Ғашық болса алдыма келсін дегем.
Сұлуларды қос-қостан сүйіп жүріп,
Серілерден өзімді кемсінбегем.
Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,
Не болдым адам болып туылғанда,
Келмейді маған бақыт жуыр маңда.
Сілікпем шығып тағы қалжырадым,
Қарағым, ішетұғын уың бар ма?
Көріп ғашық болғандай замандасы,
Арқасына төгіліп қолаң шашы.
Көз алдымда кір жайып келіншек жүр,
Айнымаған Винчидің Мадоннасы.
Көңілімнен көкжиекке Күн қашып,
Неге мені бара жатыр мұң басып?
Қанша қызбен жүрдім бірге сырласып,
Біреуіне бола алмадым шын ғашық.
Керек емес сезім деп оттайтынмын,
Өз-өзімді жоғалттым, ұқпай тұрмын.
Мен сені миыма ұқсатамын,
Мәңгілік басымнан шықпай тұғын.
Ойларсын сен жүрген шығар әрең кеп
Сүйгенімді көрсете алсам дәлелдеп
Берсе дағы өмірді қайта сүруге
Бірінші болып жазар едым "сәлем" деп
Махаббаттан жүрегім жылап қалды
Шарапсыз-ақ мас болып, сыр ақтарды
Тағдырыма бұйырмапсың бірақ та
Сені сүю жүрегіме ұнап қалды
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі