Анашым
Мынау жарық әлемге алып келген,
Бағып-қағып өсірген бәрын берген.
Айналайын анашым мейіріңнен,
Еркелетіп есейткен тәлім берген.
Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...
Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.
Дайындап құрт пен майын, ірімшігін,
Айналдырып қоятын бір ұршығын.
Балалықпен бақытты байқамаппыз,
Əжеміздің түсінбей бұрын сырын.
Кең байтақ қазағымның даласындай,
Көзімнің ағы менен қарасындай
Қазақтың "жалпақ қара" сөзі деген,
Ұғым бар әр қазақтың санасында -ай.
Көкірегіңді көтерерсің досым көп деп, көп менен.
Мына менде танысым көп, бірақ досым жоқ демен.
Бір достар бар xабарласар, көрісерміз тек кейде,
Бірақ соның өзі дағы ғұмыр сәтке жетпей ме?!
Тамсандырып таңқалдырған талайды
Алты алашым даңқты ақынға балайды
Өлеңі мен өнегесін қалдырған
Мен де жаттап өсіп келем Абайды.
Өмір мәні неде мына біз үшін?
Оқу,тоқу және жақсы маман болу.
Ал өзгелерге өмір мәні деген не?
Қайтіп түсінер, олар өмір мәнісін?
Абай ата өнерге шақырады
Туған жері Шыңғыстау атырабы
Келешекте оқысын деп, балдыраған
Артына көп өсиет қалдырған.
Артқа тастап азапты,
Төнген бұлтта тарады.
Жеңе алмады қазақты,
Желбіреп көкте жалауы.
Жантанудың негізін қаладыңыз,
Ұлы Абайды ұстазға баладыңыз.
Таза діннің шындығын жырлаймын деп
Хақиқат деп Алланы санадыңыз.
Әкем менің - отағасы, отбасының қорғаны,
Әкем болса, бақ-береке, ырыстың мол болғаны.
Анам менің - отанасы, отбасының шуағы,
Бар жақсылық, бар мейірім сол анамнан туады,
Заманда мынау кімге айтамын зарымды?
Зар жылап жүрек, мың күдік жейді жанымды.
Заманалардан заңғардай болған қазақтың,
Заңды ұрпақтары білмейді Ата заңымды.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Батылдықпен биіктікті армандаған.
Сұлулыққа даналықты теңестірген,
Оларға бар құшағын жайған ғалам.
- Ханна Арендт
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі