Анашым
Анашым, қалмай қатардан,
Ғайыпқа батып жоғалдың.
Тұңғыш рет ұзақ сапардан
Өзің жоқ үйге оралдым.
Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсемде сағынамын.
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Тоғыз ай құрсағыңда мәпеледің сен мені,
Үш жыл уақыт көтеріп, әлпештедің қолыңда.
Өмір бойы үлгі тұтып, қастерлеймін мен сені,
Алтын анам жаныңдамын, жаным құрбан жолыңда.
Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.
Ашуға ерік беріп жаза бассам,
Айтқаныңызды тыңдамай тағы адассам,
Орынсыз сөйлеп, онымен тағы қоймай,
Сөзіңіздің мәнін ұқпай жағалассам,
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі