Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ақымақ" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ақымақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ілмектер: болат, ақыл, ақымақ, қап
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ілмектер: қатын, ақылды, ізгі, ер, ақымақ, жауыз, жұмыс
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Ақымақтың аты шықса,
Ілмектер: ақымақ, төбе, із
Әр төбеде бір із қалдырар.
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
Ілмектер: ақымақ, ақыл, түс
Ақымақтың әңгімесін тыңдағанша,
Ілмектер: ақымақ, әңгіме, зындан
Зынданда жатқан жақсы.
«Ақымақты одан да қу, мұнда да жуытпа» деген мәтел бар.
Ілмектер: ақымақ, мәтел
Ақымаққа іс тапсырған
Ілмектер: ақымақ, іс, жіп, жоғалту
Жіптің ұшын жоғалтқанменен бір.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Ілмектер: ақымақ, мың, батпан, тас, көтеру, сөз
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Ақымақ білмес атының арығанын,
Ілмектер: ақымақ, ат, көсе
Көсе білмес жасының қарығанын.
Ақымақ болса да, серік жақсы,
Ілмектер: ақымақ, қисық, жол, серік
Қисық болса да, жол жақсы.
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ілмектер: ақымақ, ақылды, әкім, айнала, жарамсақ, адам, отыру
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі