Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (33)

"қадір" туралы Мақал-мәтелдер

"қадір" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қадір" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ.

Ілмектер: алтын, қадір, қол
WhatsApp Telegram

Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.

Ілмектер: ағайын, туыс, әйел, қадір
WhatsApp Telegram

Ac қадірін білмесең, ашаршылықты көрерсің,
Ат қадірін білмесең, жаяушылықты көрерсің.

Ілмектер: ас, тамақ, дастархан, ат, қадір
WhatsApp Telegram

Тірлігінде қадірлемей, өлгенінде жылағаның құрысын.

Ілмектер: қадір, қадір-қасиет
WhatsApp Telegram

Қар да кетер,
Қадір де өтер.

Ілмектер: қар, қадір, қырғыз мақалы, өткінші
WhatsApp Telegram

Ас қадірін аш білер.

Ілмектер: ас, қадір, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ет қадірін – ашыққан біледі,
Жол қадірін – тарыққан біледі.

Ілмектер: ет, дол, қадір, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қадіріңді бір сөз қашырса да,
Мың сөз қайтармайды.

Ілмектер: сөз, қадір
WhatsApp Telegram

Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.

Ілмектер: дос, соғыс, қадір, жолдас
WhatsApp Telegram

Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.

Ілмектер: жамандық, амандық, қадір, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ер, жігіт, қадір
WhatsApp Telegram

Ас қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.

Ілмектер: ас, тоқ, сау, қадір
WhatsApp Telegram

Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, қадір, бет, қатын
WhatsApp Telegram

Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.

Ілмектер: аш, сау, денсаулық, қадір
WhatsApp Telegram

Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Ілмектер: дос, қадір, арыстан, тышқан, дұшпан
WhatsApp Telegram

Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.

Ілмектер: жер, ер, ел, қадір
WhatsApp Telegram

Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршылық көрерсің.

Ілмектер: қадір, ас, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

Ілмектер: бала, қадір, отбасы, туыс, жанұя
WhatsApp Telegram

Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің.

Ілмектер: жер, қадір, көшу
WhatsApp Telegram

Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.

Ілмектер: жол, ел, қадір
WhatsApp Telegram