Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"ер" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жылқы үйірін сағынар
Ілмектер: ер
Сағынар да сабылар.
Ер үйірін сағынар.
Етек, жеңін қағынар.
Ат өнері білінбес,
Ілмектер: ер, бәйге, Ат, өнер, Ер өнері, жарыс, алысу
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоянқолтық алыспай.
Ердің көңілі жібектей
Ілмектер: ер, ел
Бір түйілсе, шешілмес.
Ер қонысы түбектей
Жау еркіндеп көсілмес.
Ер шеруде ерінуді білмейді,
Ілмектер: ер
Шепте шегінуді білмейді.
Қос ұл туған қатынды
Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.
Ат басына күн туса,
Ілмектер: ер, төрт түлік мал
Айыл, тұрман садаға:
Ер басына күн туса,
Бастан құлақ садаға.
Қияң — құстың қанаты
Ілмектер: ер
Қиял — ердің қанаты.
Саналы ерде — сауыт бар,
Ілмектер: ер
Санасыз ерде — қауіп бар.
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі