Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (62) Өлеңдер (98) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (481) Ұлағатты сөздер (889)

"адам" туралы Мақал-мәтелдер

"адам" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Байығанда бас имес, ол — адамның әлсізі.

Ілмектер: байлық, адам, әлсіз
WhatsApp Telegram

Бағы ашылған адам бәріне де ұнайды.

Ілмектер: бақ, адам, ұнату
WhatsApp Telegram

Әр адам білігімен белгілі болады.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.

Ілмектер: әл, денсаулық, мақта, су, адам, тамызу
WhatsApp Telegram

Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.

Ілмектер: әділ, адал, адам, өмір
WhatsApp Telegram

Аш адамның тоқпен ісі жоқ,
Тоқ адамның ашпен ісі жоқ.

Ілмектер: аш, тоқ, адам, аштық, тоқтық
WhatsApp Telegram

Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.

Ілмектер: ауру, адам, өсиет, жақсылық
WhatsApp Telegram

Ауру адам не болса соны айтады.

Ілмектер: ауру, адам
WhatsApp Telegram

Адам мен адамның арасы
Жер мен көктей.

Ілмектер: адам, жер, көк
WhatsApp Telegram

Арсыз — адамның қоры.

Ілмектер: ар, адам, қор
WhatsApp Telegram

Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, ат, жақсы, адам, тыңдау
WhatsApp Telegram

Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.

Ілмектер: ақша, береке, адам
WhatsApp Telegram

Алтынның өлтірген адамы аз емес.

Ілмектер: алтын, өлім, адам
WhatsApp Telegram

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, әкім, айнала, жарамсақ, адам, отыру
WhatsApp Telegram

Ақылсыз адам мәуесіз ағаш секілді.

Ілмектер: ақыл, адам, ағаш, мәуе
WhatsApp Telegram

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.

Ілмектер: ақылды, ер, адам, көңіл, аулау, күйзеліс, күншіл, дау
WhatsApp Telegram

Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.

Ілмектер: өнер, ақыл, адам, ер, айып, іздеу
WhatsApp Telegram

Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.

Ілмектер: ақыл, адам, жауап, сөз
WhatsApp Telegram

Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.

Ілмектер: ақыл, адам, ақымақ, жеу, ішу, өмір
WhatsApp Telegram

Ақылды адам нәпсісін тыя біледі.

Ілмектер: ақыл, адам, нәпсі
WhatsApp Telegram