Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (83) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (1)

"аға" туралы Мақал-мәтелдер

"аға" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "аға" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ақыл ағадан,
Ілтипат ініден.

Ілмектер: ақыл, аға
WhatsApp Telegram

Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.

Ілмектер: аға, іні, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Жасы кіші ініні
Ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.

Ілмектер: өнеге, тәрбие, аға
WhatsApp Telegram

Аға адасса, іні із кеседі.

Ілмектер: аға, іні, өнеге
WhatsApp Telegram

Өз ағасын ағалаған —
Қолда барды бағалаған.

Ілмектер: аға, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.

Ілмектер: аға, туыс, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.

Ілмектер: су, ел, аға
WhatsApp Telegram

Ағадан — ақыл,
Ініден— ізет.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram

Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.

Ілмектер: сөз, аға, іні
WhatsApp Telegram

Ағадан— ақыл,
Атадан — нақыл.

Ілмектер: аға, ата, нақыл, ақыл
WhatsApp Telegram

Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.

Ілмектер: аға, іні, бала, дала, мал
WhatsApp Telegram

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Ілмектер: аға, іні, бұлақ, су
WhatsApp Telegram

Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.

Ілмектер: аға, жеңге, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Асыл аға, алғыр іні.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Ілмектер: аға, іні, кәрілік, қарттық
WhatsApp Telegram

Аға – бор,
Іні – тас.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram

Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

Ілмектер: аға, бала, ел
WhatsApp Telegram