Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (57) Ұлағатты сөздер (10)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сақтық" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"сақтық" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сақтық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.

Ілмектер: жау, шаңырақ, қобыз, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.

Ілмектер: жау, сақтық, бөрі, қырағылық, жер
WhatsApp Telegram

Ежелгі жауда елдік жоқ.

Ілмектер: жау, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Ілмектер: аспан, оқ, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.

Ілмектер: күн, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.

Ілмектер: ауыз, дұшпан, қан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Сауысқаннан сақ бол.

Ілмектер: сақтық, қырағылық, сауысқан, құс
WhatsApp Telegram

Аузы күйген үрлеп ішеді.

Ілмектер: ауыз, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Саяқ жүрсең сақтан.

Ілмектер: сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.

Ілмектер: жүру, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.

Ілмектер: етікші, біз, сөз, қырағылық, сақтық
WhatsApp Telegram

Сезікті секемшіл.

Ілмектер: қырағылық, сақтық
WhatsApp Telegram

Сақ жүрсең — нақ жүрерсің.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.

Ілмектер: сақтық, қорлық
WhatsApp Telegram

Сақ жүрсең, сау жүрерсің.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Арамзаның арқанымен құдыққа түспе.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Қалғымағанға қатер жоқ.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram

Жасы жетпей
Шал болғаннан без,
Тақымында тайы жоқ
Сал болғаннан без,
Қомдығы жоқ, өркеші жоқ
Нар болғаннан без.

Ілмектер: сақтық
WhatsApp Telegram