Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "туыс" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Кереге бойы қар жауса да,
Ілмектер: туған, туыс, туысқан
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
Ақымақ тойынса,
Ілмектер: ақыл, ақымақ, туыс
Туысын танымайды.
Ақылды тойынса,
Тобасынан жаңылмайды.
Жөн білмеген ағалар:
Ілмектер: аға, туыс, тәрбие, өнеге
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.
Тобылғылы шұбардан
Ілмектер: дос, туыс
Панасыз таудың несі артық?
Қадыр білмес туғаннан
Құныңды білер дос артық.
Ата-ананың қадірін
Ілмектер: ата-ана, бала, ағайын, туыс
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Қайыптан тапқан алтыннан
Ілмектер: алтын, жат, туған, туыс, ағайын
Ақсақал берген бата артық
Қайыры жоқ жақыннан
Жаны жақсы жат артық.
Анамды жақсы көргендіктен
Ілмектер: ана, ауыл, туған, туыс
Келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен
Желісін сүйдім.
Түбі бірге тебісер де табысар.
Ілмектер: туыс, ағайын, туған, Түбі бір, бірге
Түбі бірге түнекте де табысар.
Қойдың басы —
Ілмектер: қой, төрт түлік мал, құда, туыс
Құданың асы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі