Су — Мақал-мәтелдер жинағы - 6-бет
Бұл бөлімде "су" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Шешінген судан тайынбас.
Ілмектер:
су
Терең құдықтың суы тәтті.
Ілмектер:
су, құдық
Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.
Ілмектер:
ақыл, ашу, су
Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Ілмектер:
ой, су
Білім - елге,
Су - жерге.
Ілмектер:
су, білім
Жер - қазына,
Су - алтын.
Ілмектер:
жер, су
Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.
Ілмектер:
су, ел, аға
Сөз анасы — құлақ
Жол анасы — тұяқ.
Су анасы — бұлақ.
Көз анасы — шырақ.
Ілмектер:
жол, су
Су да ылдиға ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады.
Ілмектер:
адам, су
Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.
Ілмектер:
сөз, су, тіл
Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.
Ілмектер:
су, сөз, тіл
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Ілмектер:
су, сөз, шын, тіл
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Ілмектер:
қыз, су, дау
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Ілмектер:
аға, іні, бұлақ, су
Қылышты қынап сақтайды,
Суды мұрап сақтайды.
Ілмектер:
су
Қанша қамыс жақсаң да шоғы болмас,
Қанша қара су ішсең де тоғы болмас.
Ілмектер:
ас, су
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі