Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (188) Өлеңдер (99) Жоспарлар (16) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (62)

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ілмектер: ұстаз, ұстам

Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ұстаз

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Ілмектер: ұста, ұстаз

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

Ілмектер: білім, ұстаз

Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт

Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.

Ілмектер: ұстаз, ақыл

Халық - нағыз ұстаз.

Ілмектер: халық, ұстаз

«Кісі не сөйлесе де әуелі ойланып алып,
Әсілін біліп сөйлегені жөн» депті ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, сөз

Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, шәкірт, сақал, ойын, абырой

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ілмектер: ұстаз, әке, сыйлау

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.

Ілмектер: әке, мейірім, ұстаз, жәбір

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Ілмектер: ұстаз, ұстаз туралы нақыл сөздер

Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Ілмектер: өмір, ұстаз

Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.

Ілмектер: ұстаз, талант, шәкірт, талапкер

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз