Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "жазушы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Дүниеде ақын да бар, жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі баяндаушы.
Ілмектер: дүние, ақын, жазушы, суреткер, қалам, баяндаушы Әбілда Аймақ
Әдебиетіміздің келешегін тек жазушылар ғана емес, бүкіл қоғам болып ойлануымыз қажет.
Ілмектер: әдебиет, келешек, жазушы, қоғам Әбілда Аймақ
Оқырман жазушы үшін өмір сүреді.
Ілмектер: оқырман, жазушы, өмір сүру Лев Шестов
Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.
Ілмектер: жазушы, апан, күшік, жолбарыс Лев Шестов
Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.
Ілмектер: адам, ұқсау, жазушы Лев Шестов
Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін оқырмандарымен бөлісіп отыру.
Ілмектер: жазушы, міндет, оқырман, әсер Лев Шестов
Жазушы айтқысы келген ойын айтпай, жазуы тиіс.
Ілмектер: жазушы, ой, жазу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Эрнест Хемингуэй
Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.
Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец
Тереңіне бойлай алмаған жазушы әрдайым бетінде қалқып жүреді.
Ілмектер: жазушы, терең Станислав Ежи Лец
Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.
Ілмектер: кітап, жазушы, жан, тазалық Роберт Вальзер
Бақыт — жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.
Ілмектер: бақыт, жазушы, тақырып Роберт Вальзер
Жазушылардың пианистердей шу шығаруға қақысы жоқ.
Ілмектер: жазушы, пианист, шу Роберт Вальзер
Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.
Ілмектер: проза, ақын, жазушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Ақын-жазушылардың рухы жығылуы — халықтың рухының жығылуы.
Ілмектер: Ақын, жазушы, рух, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Пайдалы, нәтежиелі, дәлелденген ақпарат; білім мен тәжірибеге сүйене отырып жазылған кітап; міндетті түрде пайдасын береді! Қазіргі уақытта ең танымал жазушылар адамның СЫРТҚЫ өмірін (тұрмыс-тіршілігін) жазатындар емес, ішкі жан дүниесін (болмысын) жазатындар, олардың басты артықшылығы, бір маңызды нәрсені түсінді – проблема СЫРТТА емес.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, жазушы, білім алу Нарша Булгакбаев
Менің ойымша, бара-бара көркем шығарманы ойдан шығару деген тоқтайтын сияқты. Әлдебір ойдан шығарылған Иван Иванович пен Мария Петровна туралы шығарма жазудың өзі ұят болатын шығар. Егер болашақта да жазушылар болатын болса, олар ештеңені ойдан шығармай, өмірде көргені мен түйгенінің ең маңызды, ең қызықтыларын жұртқа әңгімелеп қана беретін болады.
Ілмектер: көркем шығарма, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жазушы, өмір Лев Толстой
Жаңа тәсіл ескіні жоймайды, байытады, баптайды. Кешегі жазушылық дәстүріне жаңа жазу мәнері қосылады. Үйренеді не жиренеді.
Ілмектер: тәсіл, ескі, жазушы, дәстүр, мәнер, үйрену, нақыл, афоризм Дидар Амантай
Ешбiр iсте табыс «қателiк iстеу құқығынсыз» мүмкiн емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып қоюдан сақтанатын жазушы да жаңа ой мен сезiмдi бере алмайды.
Ілмектер: табыс, қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, жазушы, сенім, нота, қорқу, скрипкашы, сақтану Лев Толстой
Жақсы адам жаман жазушы болуы мүмкін, бірақ жаман адам жақсы жазушы бола алмайды.
Ілмектер: жазушы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Мағауин
Ескірген еңбекті жұрттан бұрын жазушының өзі сезуге тиіс.
Ілмектер: жазушы, еңбек Ғабит Мүсірепов
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі