Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "міндет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Шағын міндеттерді орындай алмасын сезген кезде кейбіреулер ұлы мақсаттарға ұмтыла бастайды. Бір ғажабы, олардың жолдары болатын кездері де аз емес.
Ілмектер: мақсат, міндет, жол, ғажап Лев Шестов
Философияның міндеті – белгісіздіктен қорқатын жəне одан қашып кез-келген догматты барып паналауға əзір адамды белгісіздік жағдайында өмір сүруге үйрету.
Ілмектер: Философия, міндет Лев Шестов
Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін оқырмандарымен бөлісіп отыру.
Ілмектер: жазушы, міндет, оқырман, әсер Лев Шестов
Ақыл дегеніміз — міндетті түрде салауатты ой деген сөз емес.
Ілмектер: ақыл, міндет, ой Альфред Адлер
Есею — міндетті түрде ақылдырақ бола түсу деген сөз емес.
Ілмектер: есею, міндет, ақыл Альфред Адлер
Адам өзінің қарапайым міндеттерін орындаудан бас тартқысы келген кезде өз интелектісін зорықтырады.
Ілмектер: міндет, интелект Альфред Адлер
Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де тұрады, бірақ қол жеткізбейді.
Ілмектер: ақиқат, міндет Альфред Адлер
Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.
Ілмектер: сала, адам, мүдде, міндет, өмір Альфред Адлер
Бала қиялында сəбидің өзі де əлдекімдерге билік жүргізетін көріністер міндетті түрде кездеседі.
Ілмектер: бала, қиял, сәби, көрініс, билік, міндет Альфред Адлер
Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.
Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер
Жеке пайданың мүддесін ортақ пайда мүддесіне жеңдіру, қандай түрде көрініс тапса да, адамгершілік сипатта болады, өйткені оның өзегінде міндетті түрде өзін-өзі құрбандыққа шалу мен өзінен-өзі бас тарту жатады.
Ілмектер: пайда, мүдде, адамгершілік, көрініс, адамгершілік, міндет, құрбандық Эмиль Дюркгейм
Топас болмау — əркімнің өзінің міндеті.
Ілмектер: топас, міндет Эмиль Дюркгейм
Адам өмір сүру ережелерін өзі құрастырмайды. Қоршаған орта қалыптастырып береді, және сол ережелер біз үшін заң, міндет, парыз.
Ілмектер: Адам, өмір, ереже, қоршаған орта, заң, міндет, парыз Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Үкіметтің халық алдындағы міндеті – байлықты бір жүйеге келтіріп әділ бөлу.
Ілмектер: Үкімет, халық, міндет, байлық, экономика, жүйе, әділ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Шешімінен тыс жатқан міндет деген болмайды.
Ілмектер: міндет Жиль Делез
Міндет дегеніміз — сынау мен таңдау.
Ілмектер: міндет, сын, таңдау Жиль Делез
Біз өзіміздің бір бөлшегімізді «лаулаған оттың еркіне» тастауға міндеттіміз.
Ілмектер: от, міндет Жорж Батай
Жиһаздың да, басқа да заттардың да негізгі міндеті — адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнына жүріп, олардың өмір сүріп жатқан кеңістігін толтыру.
Ілмектер: Жиһаз, міндет, қарым-қатынас, кеңістік Жан Бодрийяр
Əлдебір міндет атқарушы адам — əуел бастан-ақ жалыққан адам.
Ілмектер: міндет, жалыққан адам, атқарушы, адам Жан Бодрийяр
Ең басты міндет — өз қолыңмен бірдеңе жасап көру.
Ілмектер: міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі