Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (25)

"қиын" туралы Ұлағатты сөздер

"қиын" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қиын" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Күйінген кезде күйремей қалуың қиын.

Ілмектер: күйіну, күйреу, қиын Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Кімді жақсы білсең — сонымен сиысуың қиынға түседі.

Ілмектер: қиын, сиысу Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Не қиын? Өзіңді тану.
Не оңай? Өзгеге кеңес беру.

Ілмектер: кеңес, оңай, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фалес
WhatsApp Telegram

Қаны тамып тұрған шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиын.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қиын Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұсақ қателiктерден iрi кемшiлiктерге өту қиын емес.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, кемшілік, қиын, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Тек әйелдермен және арам адамдармен жұмыс iстеу қиын. Олармен жақындассаң — тыңдаудан қалады. Олардан алыстасаң — олардың тарапынан жек көру туғызасың.

Ілмектер: әйел, арам, жұмыс, қиын, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
WhatsApp Telegram

Дүниедегi ең оңай нәрсе — кiсiге ақыл айту, ең қиыны өзiңдi-өзiң түсiну.

Ілмектер: оңай, ақыл, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Айтыстағы ең қиыны өз көзқарасыңды қорғау емес, ол туралы айқын түсiнiкте болу.

Ілмектер: айтыс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Андре Моруа
WhatsApp Telegram

Ақша шiркiн майдаланса тиын ғой,
Адам бірақ майдаланса қиын ғой.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қиын, тиын, адам Сырбай Мәуленов
WhatsApp Telegram

Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,
Төбесi көрiнген соң қиын болар.

Ілмектер: кедей, кедейлік, алыс, қиын, алдын алу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Шатақ мінезді болғаннан гөрі қарапайым болу әлдеқайда қиын.

Ілмектер: шатақ, мінез, қарапайым, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын.

Ілмектер: қиын, шаруа, таң, ас, төсек, тұру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская
WhatsApp Telegram

Мен ұшатын автокөліктерді де жасаймын. Ол түк те қиын емес. Тек артық дыбыссыз, әрі қауіпсіз етіп жасау қиынырақ.

Ілмектер: автокөлік, қиын, қауіпсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
WhatsApp Telegram

Мен 33 жыл өнертапқыш-кәсіпкер болып қызмет еттім. Және менің өз тәжірибиемде байқағаным, Құдай бізге жіберген әрбір қиын мәселенің артында шешімін де тауып қойған. Егер өзіміз соның шешімін табуға талпынбаған болсақ, құдайды босқа кінәлі етуді қояйықшы.

Ілмектер: өнертапқыш, кәсіпкер, мәселе, қиын, талпыныс, кінәләу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон
WhatsApp Telegram

Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз ─ ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз.

Ілмектер: Бәсеке, қиын, жол, бәсекелестік Шарль де Голль
WhatsApp Telegram

Күту – ең қиыны.

Ілмектер: күту, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо
WhatsApp Telegram

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Ілмектер: сөз, ақыл, іс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки
WhatsApp Telegram

Тағдырың саған жаулықпен емес, теріс қарамай, оң қабақ танытқанда өзіңді лайықты ұстап жүру - қиынырақ.

Ілмектер: тағдыр, қиын Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram