Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"адам" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адам — өз сенімінің құлы. Ендеше ең жақсысына сенейік.
Ілмектер: адам, сенім, құл Нарша Булгакбаев
Адамның жан-дүниесі — ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.
Ілмектер: Адам, жан-дүние, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды.
Ілмектер: Техника, парасат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Сенім — Қожайын, Адам — Құл.
Ілмектер: сенім, қожайын, адам, құл Нарша Булгакбаев
Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.
Ілмектер: Әдебиет, адам, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.
Ілмектер: танымал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Бауыржан Момышұлы
Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.
Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы
Адамның парыз-қарызы сыйлауда...
Ілмектер: адам, қарыз, парыз, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Кез келген адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән.
Ілмектер: батыр, адам, нақыл, афоризм, ниет, еліктеу Бауыржан Момышұлы
Адамның барлық ішкі дүниесінің портреті жүзінен көрініп тұрады...
Ілмектер: адам, дүние, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.
Ілмектер: күншіл, күншілдік, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Адам — бұл дүниедегi қонақ, оның өмiрi өткiншi, сондықтан ол артына жақсы iсi мен жақсы сөзiн қалдыруы керек.
Ілмектер: адам, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз Жүсіп Баласағұни
Ақын адамдардың шаттығы — өлеңі.
Ілмектер: ақын, адам, шаттық, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Біз сияқты қырсыққа ұшыраған елде қадірлі адамдар елеусіз қала береді...
Ілмектер: ел, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Құдайдан шын қорыққан адам басқадан қорқа алмайды, басқадан қорыққан адам құдайдан шын қорқа алмайды.
Ілмектер: қорқу, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады, Асыл сөз мәңгі жасайды.
Ілмектер: асыл, адам, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік Ғабиден Мұстафин
Адам қысылса бәрін өзі табады, қысылмаса көксейтіні — ылғи кең жайлау.
Ілмектер: жайлау, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза.
Ілмектер: адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді.
Ілмектер: адам, қорлық, ез, ынжық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Адамдар жаманын жасырып, жақсысын бетке ұстайды.
Ілмектер: адам, жаман, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі