Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2902)

Егер сіз балаларыңыздың қандай екенін білмесеңіз, олардың достарына қараңыз.

Ілмектер: бала, дос, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұн Зы

Қол сұғылмаушылық — қорғаныста, бірақ жеңіске жету мүмкіндігі — тек шабуылда.

Ілмектер: қорғаныс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шабуыл Сұн Зы

Жеңімпаз жауынгерлер алдымен жеңіске жетіп, содан кейін ғана ұрысқа қатысады; жеңілгендер алдымен ұрысқа қатысады, содан кейін ғана жеңуге тырысады.

Ілмектер: жеңімпаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жеңіс Сұн Зы

Көпшілікті басқару — бұл бірнеше адамды басқарумен бірдей. Мәселе ұйымдастыруда.

Ілмектер: ұйымдастыру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, басқару Сұн Зы

Жауды жоюдың қажеті жоқ; оны ұрысқа қатысуға бел байлаудан айыру жеткілікті.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұн Зы

Кім қашан күресуге болатынын білсе және мүмкін емес екенін білсе, ол жеңімпаз болады.

Ілмектер: жеңімпаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұн Зы

Өмір сүру дегеніміз — өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыру.

Ілмектер: өмір, мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Үлкен пирамидалы храмдардың архитектурасын мылқау математика десе де болады.

Ілмектер: пирамида, храм, архитектура, нақыл, мылқау, математика, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Атеистік ғылымның да өз діні бар.

Ілмектер: Атеист, ғылым, дін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Шексіздік пен мəңгілік қол ұстасып қатар жүреді: бірінсіз бірін біліп жарытпайсың.

Ілмектер: Шексіздік, мәңгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ұлы тұлғалардың жиғанынан қиратуы жиілеу əрі көбірек болып келеді.

Ілмектер: ұлы, тұлға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мүмкіндік дегеніміз — қажеттілік.

Ілмектер: Мүмкіндік, қажеттілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Уақыт кеңістікті жеңеді.

Ілмектер: уақыт, кеңістік, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Кел-келген рəміз қорқыныштан пайда болады: ол — қорғанудың белгісі.

Ілмектер: рәміз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорғану, қорқыныш Освальд Шпенглер

Кез-келген дерек, тіпті ең қарапайымының өзі, өзін тарихқа енгізіп қояды.

Ілмектер: дерек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қарапайым, тарих Освальд Шпенглер

Жұрттың бəрі — басқалардан бірдеңе талап еткіш: «Сен — міндеттісің» деген сөзді нық сеніммен айтады.

Ілмектер: жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, міндет Освальд Шпенглер

Адалдық танытып, ежелгі ойшылдарды сөзінен ұстап көрейікші: егер өз қажетімізге жарата алмасақ Гераклиттің, Демокриттің,
Платонның бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адалдық Освальд Шпенглер

Ежелгі дəуірлерде көрегендердің рөлін əйелдер ойнағаны — олардың бойында болашақ болжап білер қасиеттің артық болғанымен емес, мəселе — олардың өздері сол болашаққа айналғанында.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, болашақ Освальд Шпенглер

Ана болу идеясының негізінде шексіз жаратылыс жатыр.

Ілмектер: ана, идея, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жаратылыс Освальд Шпенглер

Факті жоқ жерде, сезім билейді.

Ілмектер: факт, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер