Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (73) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (480) Ұлағатты сөздер (148) Әзіл, анекдоттар (1)

"ел" туралы Ұлағатты сөздер

"ел" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ел — теңіз, түбінде талай асыл жатыр.
Сүңгіп жүріп ердің ері табады.

Ілмектер: теңіз, ел, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Үлкен адам кішірейген сайын үлкейе береді екен. Біз — сағат санап, күн санап өскен ел емес, замана таңбаларын санап өскен елміз...

Ілмектер: ел, сағат, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Еліңде жоқ шеттегі жеріңді аңсау — Фәниде жоқ әкеңді сағынғандай...

Ілмектер: ел, әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, аңсау Ұларбек Нұрғалымұлы
WhatsApp Telegram

Еліміздің ұйтқысы — әдет-ғұрпымыз, оны шайқалтпауды ойлайтын кезіміз осы...

Ілмектер: ел, әдет-ғұрып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Дау қуған ел жауығар, қумаған сауығар...

Ілмектер: дау, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Халқымыздың өзін өзі басқаратын осы ұлы арманын орындап шығуға өз өміріміз жетпесе, үрім-бұтаққа аманат етеміз!

Ілмектер: аманат, ел, басқару, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Ел деген жетім қозы емес, еміздікпен асырай алмайсың!

Ілмектер: жетім, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Елдің ертеңгі күнін ойлайтын да бір адам болу керек шығар. Солмын мен!

Ілмектер: ел, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Әр ел өз ерлігін көтере айтқанда жеңген жауының осал еместігін қоса айтады. Тек ірілік қана аңызға айналады...

Ілмектер: ел, ерлік, жау, аңыз, ірілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Ілмектер: ел, жұрт, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ана үшін аянба — ант ұрады,
Бала үшін аянба — бетің күйеді.
Ел үшін аянба — жігіттілігіңе сын.

Ілмектер: ана, бала, ант, сын, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Ілмектер: ел, бала, әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ежелден ер тілегі — ел тілегі. Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.

Ілмектер: ел, тілек, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. — Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, — депті.

Ілмектер: ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дау, дау, ел Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Сараң бек ел билей алмайды.

Ілмектер: Сараң, бек, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Қылыш қан төксе, иесі ел билейді.

Ілмектер: қылыш, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.

Ілмектер: қазақ, ұят, тек, отбасы, ел, дін, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
WhatsApp Telegram

Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ.

Ілмектер: басшы, бастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, ел, халық, аманат, ұлт, тағдыр Нұрхалық Абдырақын
WhatsApp Telegram

Ерлігі бар елге жағар.

Ілмектер: ерлік, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тоқсары
WhatsApp Telegram

Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram