Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (381) Өлеңдер (93) Жоспарлар (14) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (31) Әзіл, анекдоттар (2)

Мектеп — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "Мектеп" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.

Ілмектер: жастар, міндет, оқу, білім, мектеп Ғани Мұратбаев
WhatsApp Telegram

Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.

Ілмектер: мектеп, мұғалім, интелект, дүние Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.

Ілмектер: әке, тәрбие, мектеп Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Мектеп - кеме, білім - теңіз.

Ілмектер: мектеп, білім Қасым Аманжолов
WhatsApp Telegram

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Ілмектер: мектеп, қазақ, келешек, ел Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.

Ілмектер: мектеп, жұмысшы, жұмыс Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Ілмектер: мектеп, тапсырма, білім, кедергі Марк Твен
WhatsApp Telegram

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ілмектер: жақсы, мұғалім, мектеп, жүрек Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

Ілмектер: мұғалім, мектеп Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram