Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (55) Өлеңдер (161) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (1)

Отан — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "Отан" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған.

Ілмектер: отан, ерлік, сүйіспеншілік Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті.

Ілмектер: бейбіт, соғыс, отан, күрес, міндет Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі.

Ілмектер: ержүрек, шыншыл, отан, абырой Ромен Роллан
WhatsApp Telegram

Ғылымның отаны жоқ.

Ілмектер: ғылым, отан Луи Пастер
WhatsApp Telegram

Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң,
Сонша шақырым рухани жақындай түсесің.

Ілмектер: қадір, Отан, рухани, ұзақ Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

Ілмектер: отан Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Ілмектер: ел, отан, халық дана Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Ілмектер: отан, ұят, ар, қымбат, ата, ана Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

Ілмектер: адам, қасиет, отан, махаббат, құрмет Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Опасызда Отан жоқ. Отанда опасызға орын жоқ.

Ілмектер: Отан, опасыз Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

Ілмектер: отан, қадір Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.

Ілмектер: отан, Атамекен Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Ілмектер: Отан Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram