Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (45) Өлеңдер (127) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (206)

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.

Ілмектер: Жақсылық, мектеп, бақыт Ян Амос Коменский

Кімге мына бес нәрсе берілсе, ол адам бақытты:
- деннің саулығы,
- сенімді болуы,
- ризықтың көптігі,
- мейірімді және сенімді жар,
- сабырлылық сезімі.

Ілмектер: сенім, бақыт, Мейірімді, Сабыр Молла Жами

Мемлекеті қорғамаған адам – ең бақытсыз адам.

Ілмектер: мемлекет, адам, бақыт, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Бақытты да, табысты да жаулап алу мүмкін емес, ол өзі пайда болуы керек.

Ілмектер: бақыт, табыс Виктор Франкл

Бақыт бір жерде тұрмайды.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм Құтып

Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.

Ілмектер: әйел, бақыт, отбасы, нақыл, афоризм, үйлену, ойшыл Сократ

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.

Ілмектер: ақыл, мінез, бақыт, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы.

Ілмектер: тәрбие, отбасы, нақыл, афоризм, бақыт, тыныштық, жылылық Василий Сухомлинский

Бай болсам, бақытты болам демес,
Бақытты болсаң, байлықтың өзі кетпес!

Ілмектер: Бақыт Нұрлыхан Сейтханов

Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.

Ілмектер: өлім, мәңгілік, көктем, бақыт, жаз, қыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.

Ілмектер: дос, бақыт, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Біреумен бақытсыз болғаннан гөрі жалғыз жүрген артық.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мэрилин Монро

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Ілмектер: кәсіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, бақыт Асқар Жұмаділдаев

Өз тағдырына риза болмағандар басқаның бақытын қызғанады.

Ілмектер: көре алмаушылық, іштарлық, қызғаныш, тағдыр, бақыт Бальтасар Грасиан

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький

Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Бақыт — өз басың үшін көксейтін игілік... Бақытқа жеткізетін әрекет — тамаша әрекет.

Ілмектер: бақыт, әрекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парасат, мақсат, мінез, мінез-құлық, игілік Әл – Фараби

Бақыт дегеніміз – жақсы денсаулық пен нашар есте сақтау қабілеті.

Ілмектер: бақыт, денсаулық, есте сақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Швейцер