Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "сұлу" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Рəміздер үнемі сұлу бола бермейді.
Ілмектер: Рəміз, сұлу Лев Шестов
Жаратылыста:
Ілмектер: сұлу, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сараңдық, жауын, теңіз Үнді даналығы
Сұлулар бұзықтар жолында кетеді,
Билікті алаяқ қолында кетеді.
Байлықты сарандар сауады,
Жауын теңізге жауады.
Ғалым мен батыр және сұлу қайда барса да баспана табады.
Ілмектер: ғалым, батыр, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы
Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.
Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.
Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сезім, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таным Әл – Фараби
Сұлу — бақыттылығынан сұлу сәт болады.
Ілмектер: Сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақыт, сәт Мұхтар Әуезов
Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.
Ілмектер: Өнер, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят, сұлу, дұшпан Сократ
Сұлуды сүймектік — пайғамбар сүннеті.
Ілмектер: сұлу, пайғамбар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Адамға салыстырғанда ең сұлу маймылдың өзі өте қораш болмақ.
Ілмектер: адам, маймыл, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді.
Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби
Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.
Ілмектер: сұлу, сүю, пайғамбар, сүннет Абай Құнанбайұлы
Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жәй ғана ақымақ болғаны.
Ілмектер: әйел, сұлу, ақымақ Коко Шанель
Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.
Ілмектер: қыз, той, сұлу, ой, ақыл Шернияз Жарылғасұлы
Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.
Ілмектер: жүрек, сұлу, қалау Саиф Сараи
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов
Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.
Ілмектер: әйел, сұлу, ақыл Пьер де Бомарше
Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған – өмір бойы құл болып өтеді.
Ілмектер: әйел, сұлу, құл Жанақ Сағындықұлы
Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.
Ілмектер: сұлу, қыз, қазына, қымбат Наполеон Бонапарт
Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.
Ілмектер: адам, сұлу, жан, киім Антон Чехов
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі