Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (63) Өлеңдер (103) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (497) Ұлағатты сөздер (911)

Адам — Ұлағатты сөздер жинағы - 45-бет

Бұл бөлімде "адам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.

Ілмектер: адам, ой, сөз, сенім Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Адам баласының ең жаманы – талапсыз.

Ілмектер: адам, талапсыздық Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.

Ілмектер: адам, жақсылық Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Ілмектер: адам, іс, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.

Ілмектер: мемлекет, адам Аристотель
WhatsApp Telegram

Өтірік айтпай өмір сүре алатын адам ғана азат.

Ілмектер: өтірік, өмір, азаи, адам, нақыл, Ұлағатты сөздер Альберт Камю
WhatsApp Telegram

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтауы керек.

Ілмектер: уайым, адам Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.

Ілмектер: табиғат, адам, жылу, күн Михаил Пришвин
WhatsApp Telegram

Ішің жақсы болса, сыртың да дұрысталады.

Ілмектер: адам, ішкі дүние Экхарт Толле
WhatsApp Telegram

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы

Ілмектер: адам, бақыт, цитата, дәйексөз Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Адам ақымақтық жасаудан қорықпаса, демек ол әлі жас адам

Ілмектер: адам, ақымақтық Петр Капица
WhatsApp Telegram

Күшті, қайратты адамдар қарапайым болып келеді

Ілмектер: адам, қарапайымдылық Лев Толстой
WhatsApp Telegram