Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (150) Өлеңдер (38) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (125) Әзіл, анекдоттар (2)

Кітап — Ұлағатты сөздер жинағы - 5-бет

Бұл бөлімде "кітап" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында.

Ілмектер: кітап, оқу Константин Ушинский
WhatsApp Telegram

Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді.

Ілмектер: кітап, оқу, әңгімелесу Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Қанша кітап оқығанмен, император бола алмайсың.

Ілмектер: кітап, император Мао Цзэдун
WhatsApp Telegram

Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Ілмектер: интеллигент, кітап Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.

Ілмектер: кітап, үй Расул Ғамзатов
WhatsApp Telegram

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

Ілмектер: өзін-өзі тану, кітап Расул Ғамзатов
WhatsApp Telegram

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

Ілмектер: дос, дұшпан, қалам, кітап Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, қазына, ақыл, алтын Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ілмектер: оқу, кітап, бала Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.

Ілмектер: кітап, тұлға Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.

Ілмектер: кітап, үй, жан Цицерон
WhatsApp Telegram

Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды.

Ілмектер: кітап, ой, ойлау Дени Дидро
WhatsApp Telegram

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.

Ілмектер: кітап, кітапхана Әбіш Кекілбаев
WhatsApp Telegram

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Ілмектер: кітап, пайда, білім Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы кітап – ұяттың антологиясы.

Ілмектер: кітап Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек.

Ілмектер: кітап, ысырап, уақыт Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап.

Ілмектер: кітап, ойлау, міндет Дороти Паркер
WhatsApp Telegram

Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді; қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Шынайы еңбек үшін аса зейінді болмақ керек.

Ілмектер: кітап Джон Леббок
WhatsApp Telegram

Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді.

Ілмектер: кітап, әңгіме, шығарма, шыншыл Эрнест Хемингуэй
WhatsApp Telegram

Барлық тамаша кітап бір-біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы.

Ілмектер: кітап, өмір Эрнест Хемингуэй
WhatsApp Telegram