Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"уақыт" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "уақыт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Уақытты босқа өткізу - ең ауыр шығын.
Ілмектер: уақыт, шығын Жорж-Луи Бюффон
Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
Ілмектер: жұмыс, уақыт, демалыс, есеп, байлық Дональд Трамп
Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын.
Ілмектер: уақыт, өмір, өкпе, тәубе Әбіш Кекілбаев
Бұл өмірді беріпті ғой азапқа — қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!
Ілмектер: өмір, қызық, уақыт Жүсіп Баласағұни
Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат.
Ілмектер: аұша, уақыт, өмір Александр Суворов
Қанша жерден дарынды болып, нәтижеге жету үшін барыңызды салып жатсаңыз да уақыттың билігінен аса алмайсыз: тоғыз әйеліңіз жүкті болса да, бір айдан кейін балаға қол жеткізу мүмкін емес.
Ілмектер: дарын, нәтиже, уақыт Уоррен Баффет
Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.
Ілмектер: өлім, уақыт Роберт Де Ниро
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Ілмектер: уақыт, адам, Өмір, дәуір, заман Мұқағали Мақатаев
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.
Ілмектер: уақыт, өмір Нұрсұлтан Назарбаев
Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек.
Ілмектер: кітап, ысырап, уақыт Джон Рескин
Адамдардың сыпайыгершілікке уақыты жетпейтіндей өмір соншалық шолақ емес.
Ілмектер: сыпайыгершілік, өмір, адам, уақыт Ральф Эмерсон
Ұқыптының уақыты мол.
Ілмектер: уақыт Мұзафар Әлімбаев
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ілмектер: ұстаз, уақыт, бақыт Жан-Жак Руссо
Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.
Ілмектер: жұмыс, уақыт Джон Дэвисон Рокфеллер
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Ілмектер: ұстаз, уақыт, бақыт, тәрбие Зейнолла Қабдолов
Уақыт төрт затта жақсы білінеді: ескі ағаш жаңғанға жақсы, ескі вино ішкенге жақсы, ескі дос сенгенге жақсы, ескі автор оқығанға жақсы.
Ілмектер: уақыт, дос, ағаш, ескі Фрэнсис Бэкон
Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және бейшара жанды білмеймін.
Ілмектер: ақша, сұмырай, бейшара, уақыт, адам Джон Дэвисон Рокфеллер
Уақыт - ақша.
Ілмектер: уақыт, ақша Бенджамин Франклин
Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады
Ілмектер: уақыт, бос әңгіме
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі