Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2392)

Әрбiр идея оның алдындағысынан пайда болып, өз кезегiнде кейiнгiсiне түрткi болады… мiне, сондықтан көңiл әрдайым жаңаны iздеп, ешқашан қол жеткендi мiсе тұтпайды.

Ілмектер: идея, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.

Ілмектер: еңбек, ақыл, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәдениет, мереке Максим Горький

Пайда менен залалды - ақыл айырады.

Ілмектер: Пайда, залал, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жұртқа жұмыс істеуді үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамауды үйрену керек.

Ілмектер: Жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жұмыс, бөгет Ғабит Мүсірепов

Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сайын Назарбекұлы

Ескіден келе жатқан қате, қазіргі ақиқатқа да қауіпті.

Ілмектер: қате, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адамдар мені білмейді деп қапаланба, мен адамдарды білмеймін деп қапалан.

Ілмектер: адам, реніш, қапалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.
Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Шамаңша шалқып жүре бер - қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ - тіріде даңқың болмаса.

Ілмектер: даңқ, жеңге, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғарып, қария, надан Асан қайғы

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

Ілмектер: қазақ, ел, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.

Ілмектер: Суат, мақтаншақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, су, қазық, мүлік, жаман Сырым Датұлы

Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама.

Ілмектер: қиналу, жылау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махамбет Өтемісұлы

Ой да — тұтқындалады.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Атадан алтау тудым деп — асқынып жауап айтпаңыз,
Атамның малы көп-ті деп — атты басқа тартпаңыз.

Ілмектер: ата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асан қайғы

Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,
Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.

Ілмектер: Ғылым, жұрт, кеңес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асан қайғы

Ақыл, сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән.

Ілмектер: ақыл, сезім, тіршілік, сән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Ілмектер: еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл Абай Құнанбайұлы

Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.

Ілмектер: ақыл, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

Ілмектер: ақы, айып, нақыл, афоризм, ұрыс, қанатты сөздер Асан қайғы

Екi жүздiге көрсетiлген сенiм оған опасыздық етуге мүмкiндiк бередi.

Ілмектер: Екi жүздiлік, сенім, опасыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.

Ілмектер: ақылсыз, үй, сәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы