Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"нақыл" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жек көрушiлiктен қатты қорқатын адам, басқара да алмайды.
Ілмектер: жек көру, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
Өмiр ойын сияқты: бiреулер оған — жарысуға, басқалар — саудаласуға, ал ең бақыттылары — көруге келедi.
Ілмектер: өмір, жарысу, сауда, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор
Өмір біздің мінсіз болуымызды әсте қаламайды. Өзін мінсіз деп санайтындардың орны музейде.
Ілмектер: өмір, мінсіз, музей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ремарк Эрих Мария
Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш.
Ілмектер: дос, ақыл, кеңес, жау, сүйеніш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир
Қошамет ақымақтардың сусыны дейдi. Дегенмен қаншама ақылды адамдар ауық-ауық онымен сусындаудан қашпас едi.
Ілмектер: қошамет, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.
Ілмектер: ауру, ықылас, көмек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мигель де Сервантес
Нашар өнiм алғаннан кейiн де себу керек.
Ілмектер: нашар, өнім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
Иә мен олардан ақылдырақпын, өйткенi өзiмнiң ештеңе бiлмейтiнiмдi бiлемiн, ал олар бiлмесе де бәрiн бiлемiз деп ойлайды.
Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
Халықты күштеп тыңдатуға болады, оны бiлiмге зорлай алмайсың.
Ілмектер: халық, тыңдау, зорлау, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
Басшылар жұмысты орындауды негiзiнен оны атқаруға неғұрлым қабiлетсiзге тапсырады.
Ілмектер: басшы, жұмыс, қабілетсіздік, қабілет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин
Өзiңiз iстей алатын нәрсе үшiн басқаны мазаламаңыз.
Ілмектер: мазалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон
Адамдар жақсылықты басқара алмаған және оны тиiстi дәрежеде пайдалана алмаған жағдайда, ондай жақсылықтан жамандық туындайды.
Ілмектер: адам, жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды.
Ілмектер: Ақындық, өлең, дүние, таза, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Есенғали Раушанов
Бiлiмсiздiк — бұл ымырт, оны жамандық кезiп жүредi. Көшенi жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен.
Ілмектер: Бiлiмсiздiк, білім, ымырт, жамандық, көше, ақыл, ой, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго
Ашулану — аз уақытқа есуас болу деген сөз.
Ілмектер: ашу, ашулану, уақыт, есуас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций
Егер бiз өзiмiздiң барлық мiндеттерiмiздi орындасақ құқықтарымызды көп iздемеймiз. Ал өз мiндеттерiмiздi орындамай, құқықтарымызға ұмтылар болсақ, олар бiзден шалғайда жылтыраған шамдай алыстай түспек.
Ілмектер: міндет, құқық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди
Әдетте қайшы пiкiрлердiң арасында ақиқат жатады деп есептеледi. Мүлде олай емес! Олардың арасында проблема жатады.
Ілмектер: пікір, ақиқат, проблема, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.
Ілмектер: аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
Адамның ақыл-ойы тойымсыз. Ол тоқтай да, тыныштықта тұра да алмайды, ол үнемi алға ұмтылыста болады.
Ілмектер: адам, ақыл, ой, тыныштық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі