Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2914)

"нақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Басқалардың сөздерiн қайталау олардың мағынасын түсiнгендi бiлдiрмейдi.

Ілмектер: сөз, қайталау, мағына, түсіну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми
WhatsApp Telegram

Ой қуу дегенiмiз — өлiмге дайындалу.

Ілмектер: ой, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram

Кеме қай портқа баратынын бiлмесе, желi оңынан тұрмайды.

Ілмектер: кеме, порт, жел, нақыл, мақсат, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Аса ақылдылар мен аса ақымақтар ғана өзгермейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
WhatsApp Telegram

Ғалам — ұлы дененің санасы.

Ілмектер: ғалам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дене, сана Джордано Бруно
WhatsApp Telegram

Гүл деген жаратылыс жоқ. Гүлдер – шаттанып, күлімсіреген жапырақтар.

Ілмектер: Гүл, жапырақ, шаттану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Өркениет дегеніміз — мәдениетті қоғам қалыптастыру.

Ілмектер: Өркениет, мәдениет, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Адамзатқа күн көру үшін өнімді айырбастау емес, өндіру керек. Сондай-ақ, затты сату емес, сататын нәрсені жасау қажет. Сондықтан ақылға қонымсыз және пайдасыз Сауда ұйымы деген ұғымның орнына Жұмысшылар ұйымы деген атауды алыңыздар.

Ілмектер: өнім, зат, сату, сауда, ұйым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Өзi жығылған өкiнбес.

Ілмектер: жығылу, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Бақытсыздықта борышына адал болу — ұлы iс.

Ілмектер: Бақытсыздық, борыш, адал, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Өз сенiмiне сәйкес жүрiп — тұратын адамды парасатты адам деп ойлай салмаған жөн. Оның сенiмдерi парасатты ма — соны тексеру керек.

Ілмектер: сенім, парасат, ой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский
WhatsApp Telegram

Аштық — үрейлi нәрсе, соқыр немесе керең болу жаман, бiрақ жалғыздық одан да ауыр.

Ілмектер: Аштық, үрей, соқыр, керең, жалғыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
WhatsApp Telegram

Адамдар не iстесе де, олар сайып келгенде өзiнiң ыңғайлы орналасуын тiлейдi.

Ілмектер: ыңғай, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
WhatsApp Telegram

Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.

Ілмектер: Денсаулық, жеңiс, қанағат, байлық, сенiм, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда
WhatsApp Telegram

Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

Ілмектер: Батырлық, тәуекел, ақыл, есеп, ақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жаман әдет жұқпалы деген рас…

Ілмектер: жаман, әдет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
WhatsApp Telegram

Құл үнемi құлдың қылығын жасай бередi деп қалма.

Ілмектер: құл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Лихтенберг
WhatsApp Telegram

Алдау-арбау арқылы қызмет бабында өсуге тырыспа.

Ілмектер: алдау, арбау, қызмет, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Орта жол — даналыққа ең жақын нүкте, оған жетпеу одан асып кеткенмен бiрдей.

Ілмектер: жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даналық Конфуций
WhatsApp Telegram

Адамдар қажетсiз болып қалған жұмысты iстеуге әрқашан әзiр тұрады.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин
WhatsApp Telegram