Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (7)

Қалам — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "қалам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Дүниеде ақын да бар, жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі баяндаушы.

Ілмектер: дүние, ақын, жазушы, суреткер, қалам, баяндаушы Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.

Ілмектер: өмір, қиындық, сәт, ойлану, қалам, ерігу, жазу Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Шипасы ерте солудың — қаламнан қалған іздерде.

Ілмектер: шипа, қалам Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Қылыш алсаң — ел, жорықты түзерсің,
Қалам алсаң — жөн-жосықты сүзерсің.

Ілмектер: қылыш, қалам, жорық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Қалам — хат білмейтін елде кейбір тіршілік заңдарын афоризмдермен есте қалдырған...

Ілмектер: Қалам, хат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

Ілмектер: дос, дұшпан, қалам, кітап Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.

Ілмектер: мақала, қалам, сөз Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram