Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Ұлағатты сөздер
Ілмектер: Ұлағатты сөздер, насихат, нақыл сөздер.
Ашу-ыза, кек, уайым, ауру-сырқау, мұң-қайғы, өсек, қызғаныш, ұрыс-керіс төменгі жиілікте, жерге жақын толқында болатындықтан, жылдам орындалады. Қуаныш, шаттық, бақыт, Аллаһқа құлшылық, шүкіршілік, дұға, тілек жоғары жиіліктегі толқында болатындықтан, жоғары көңіл-күйдің адамдарын өзіне тартып, тілек-қалаулары жылдам орындалады - дейді кванттық физиканы зерттеуші ғалымдар.
Айналадағы адамдарға көз салыңызшы... Бақытты қайыршы көрдіңіз бе? Неге кедейлердің басым бөлігі үнемі ашулы, айналасына өкпелі, ренішке оранып алған? Үнемі әлдекімнен әлденені күтіп, болмаса ұрыс шығарып, я болмаса өсек тасып жүреді? Өйткені кедей адамның кедейлігі санадағы тарлықтан, кешіре алмаудан, қызғаныш пен қорқыныштан бастау алады.
Ешкімге ренжімей, ешкімнің сөзіне мән бермей, тек өзін дамытып, өз ісіне мықты болған жандар — бақыт пен байлықтың магнитіне айналады екен.
(Бүгінгі күнге арналған қорытынды) 17.06.2023
Ілмектер: Ұлағатты сөздер, насихат, нақыл сөздер.
Ашу-ыза, кек, уайым, ауру-сырқау, мұң-қайғы, өсек, қызғаныш, ұрыс-керіс төменгі жиілікте, жерге жақын толқында болатындықтан, жылдам орындалады. Қуаныш, шаттық, бақыт, Аллаһқа құлшылық, шүкіршілік, дұға, тілек жоғары жиіліктегі толқында болатындықтан, жоғары көңіл-күйдің адамдарын өзіне тартып, тілек-қалаулары жылдам орындалады - дейді кванттық физиканы зерттеуші ғалымдар.
Айналадағы адамдарға көз салыңызшы... Бақытты қайыршы көрдіңіз бе? Неге кедейлердің басым бөлігі үнемі ашулы, айналасына өкпелі, ренішке оранып алған? Үнемі әлдекімнен әлденені күтіп, болмаса ұрыс шығарып, я болмаса өсек тасып жүреді? Өйткені кедей адамның кедейлігі санадағы тарлықтан, кешіре алмаудан, қызғаныш пен қорқыныштан бастау алады.
Ешкімге ренжімей, ешкімнің сөзіне мән бермей, тек өзін дамытып, өз ісіне мықты болған жандар — бақыт пен байлықтың магнитіне айналады екен.
(Бүгінгі күнге арналған қорытынды) 17.06.2023
Көптеген ғылыми зерттеулерден кейін «Сөз — адам тағдырын не гүлдендіретін, не тас-талқан ететін күшке ие!» - деген тұжырымға келді ғалымдар. Генетик ғалым П.П. Гаряев: «Жаман сөз — генетикалық аппаратқа енгеннен кейін, жасушада «жарылыс» болады. Нәтижесінде ДНК «жағымсыз өзгеріске» ұшырап, ауытқушылық пайда болады»-дейді.
Ілмектер: Сөз құдіреті, алғыс, бата, тілек.
Біз қалай сөйлеп жүрміз? Үнемі боқтық сөзбен, қарғап-сілеп сөйлейтін үлкендер, бала-шағасының тағдырын құртады. (Ойынпаз, алқаш, жалқау, альфонс, қылмысқа бейім, күнаһар адамдардың шыққан тегіне бір қарап көріңіз. Әке-шешенің үнемі қарғап-сілеп, бала миына ендірген ақпараты, өз жемісін бермей қоймайды).
Малын қарғайтын малшылар, шығынға ұшырайды. (Қазақта малға айтылған қарғыстың көптігінен-ақ, жұтты оп-оңай өзіміз шақырғанымызды білдім.)
Шәкіртін жек көретін ұстаздар, нашар нәтиже алады. («Осы бір сынып ұнамайды!» «Оңбаған оқушы». «Шешесі жексұрын» сынды көптеген пікірлерді өкінішке орай естіп қалып жатамыз. Егер біз оқушыларға сабырмен дұрыс энергетика жіберіп, шынайы жақсы көрсек, ең бұзық бала да мейірімнің әсерінен жақсы жаққа өзгерер еді..)
Сөз түзелмей — ел түзелмейді!
Үнемі жақсы ойлап, жақсы сөйлеп, бата-дұға айтып жүрейік. (Қазақ бұрын үлкендерден бата алмай, іс бастамаған. Оқуға аттана ма? Үлкендерді шақырып, ас беріп, жақсы дұға-тілек естіген. Көмек керек болса ауыл болып асарлатып, алғыс алған. Жақсылықтың үлкен-кішісіне қарамаған. Бастысы Аллаһ разылығы үшін іс қылған. Сауап жиған. Қазір ше? Есепсіз жақсылық істей аламыз ба? )
16.06.2023.
Тән секілді... мінездің де әуреті бар. Орынсыз ашулана беру — мінездің әуретін ашып, адамды абыройсыз етеді. Ашуланшақ адамға, Аллаһ та ашуланады. Ашу қысқан жүз — жын қысқан бейнені елестетеді. Баламызды, шәкіртімізді айқаймен емес, сабырмен тәрбиелеуді нәсіп етсін!
Ілмектер: Ұлағатты сөздер, насихат, ғибратнама, ойлар...
Г. Қасенбай
11.06.2023
Егер сізде білім болса, онда сізге Аллаһтың жақсылығы берілген екен. Егер сіз сол артық біліміңізге дандайсып, айналаға жоғарыдан көз тастай бастасаңыз, біліңіз.. жақында біліміңізден дым да қалмайды. Өйткені шайтан лағин да керемет білім иесі болған! Әр бір дүнияуи білімнің соңы Аллаһ Субханәка уа Таъалаға барып тірелмесе, сіз ешнәрсе үйренбепсіз...
Ілмектер: Ұлағатты сөздер, нақыл, өсиет сөздер, ойлар....
(Бұл алдымен өзіме айтылған насихат. Сосын сүйікті оқырмандарыма...)
* * *
Тәкаппар адамда кешірімшіл мінез болмайды. Өз-өзіне ғажаптанғыш, өз-өзін тым жоғары бағалайтын жан, ашуланса — ашуын жұтпайды. Ренжісе — кешірмейді. Ал шаңның тозаңындай тәкаппарлығы бар адамның, Жәннатқа кірмейтіні жайлы Муслимнің хадистер жинағында сахих хадис бар.
Егер араларыңызда біреулеріңізді ренжіткен болсам, кешірім өтінемін?! Расында аса жоғары, ең кемел — Аллаһ қана! Ал мендегі қабілеттер тек Раббымның уақытша сыйға тартқан нығметі ғана!
* * *
Қап-қара пәренже жауып, қолына қолғап киген мұсылман әйелдер — періштелер емес. Ет пен сүйектен жаралған, эмоцияға берілгіш, жаны жараланғыш, әлсіз әпке-сіңлілер.
Әр сақалды ер-азамат — пайғамбарлар секілді кемел иманды емес. Тәулігіне 24 сағат нәпсісімен күресіп, кемшіліктерімен көзге түсіп жүрген пенделер. Егер адами құндылықтарыңыз жоғары бола тұра, шын жүректен иман келтірмесеңіз, жағдайыңыз қиын...
Исламның барлық шартын орындай тұра, адами қасиеттері болмаса, мұсылмандардың да ақыры қауіпті...! Аллаһ баршамызға кемел иман, тақуалық, көркем мінез нәсіп етсін!
Г. Қасенбай
11.06.2023
Ілмектер: Гүлмекен Қасенбай оқушыларға насихат
Оқушыларға насихат
1) Ұстазыңды сыйлайтыныңды сөзбен емес, іспен көрсет! Ұстаз үшін тыңғылықты орындалған үй тапсырмасынан асқан сыйлық жоқ!
2) Мұғалім сабақ айтқанда зор ынтамен тыңда. Жазып ал. Я болмаса аудиожазба жасап ал. Әр сабақты кемі 5 рет тыңда. Әр тыңдағанда сабақтың тек 20%-ы ғана қабылданады.
3) Қатал мұғалімдерден қорықпа. Не үшін ашуланатынын, неге ренжитінін зертте! Соған қарай жақсы амал істе. Мұғаліміңді қуант!
4) Мұғалім сабақ түсіндіріп тұрғанда, өзге нәрсемен айналыспа! Досыңа сыбырлап, хат, қағаз лақтырып, күліп, біреуге жұдырық көрсетіп, қыздардың шашынан тартып, арқасынан түртіп мазасыз болма! Саған алаңдаған ұстаздың алдымен ойы бөлінеді. Сосын айтатын сөзін ұмытады. Көңіл күйі түседі, ренжиді. Ескерту жасайды. Соңында ауыр сөз айтуға мәжбүр болады. Ал сен, ең жақсы оқушы бол!
5) Мұғалімге білім мәселесінде сұрақ қоюдан ұялма, түсінбегеніңді дереу айт! Содан кейін де түсінбесең, тағы айт! Тақтаға шық. Әйтеуір жаңа сабақты толық үйренбей мектептен қайтпа!
6) Ұстазыңды құрметте, оның алдында өзіңді барынша әдепті ұста! Бейәдеп сөз айтып, қарқылдап күліп, дүкірлеп жүгіріп, сүйкімсіз болма!
7) Сөз тасыма, ұстазыңды үйге жамандап келме! Достарыңның кемшіліктері мен қателіктерін мұғалімдерге жеткізе беру жақсы емес. Шамаң келсе өзің жақсы бол! Айналаңды да жақсылыққа шақыр. Ұстазыңа көмекке дайын тұр. Сынып абыройы үшін түрлі жарыстар мен білім сайыстарына жиі қатыс! Көп ізден, көп оқы, көп ойлан!
Гүлмекен Қасенбай
26.09.2021
Кей ойлардан үзінді
Ілмектер: Гүлмекен Қасенбай. Кей ойлардан үзінді
Соңғы кездері адамдар бір-бірлерін себепсіз жақсы көруді тоқтатқан секілді...! Сырт келбетің мен абыройың болмаса, екінші орынға кетесің. Жер бетінде әр 40 секунд сайын қайтыс болып жатқан адамдардың көбі, өздеріне қол салушылар... Оларға ешкім жақсы көретінін айтпаған. Қорлаған. Азаптаған. Мазақтаған. Жаман есімдермен атаған. Тым болмағанда сыртынан өсектеген!
Адамдар қазір той мен жиынға өсектен қорқып барады. Бірақ өсекке ілініп қайтады. Сонда бізге не жетпейді...?! Неге адамды сол қалпында қабылдай алмаймыз? Біз кімбіз...?
* * *
Адамға ұнауды ғана көздесең, ешқашан ұнамайсың,
Аллаға ғана ұнауды көздесең, ешқашан қор болмайсың...!
* * *
Сынақ - ең жақсы көретін нәрсең арқылы келеді!
(Егер әр қырық күн сайын тым болмаса ішің ауырмаса, онда ақыретің үшін қорқа бер):
Балажанда - бала жоқ,
Ұл қаласаң - қыз көп.
Бәрі болса - ауырасың.
Қиындыққа жолығасың.
Жақыныңды жоғалтасың,
Кейде ақшаңды тонатасың.
Уақытыңды ұрлатасың,
Қартаясың, қыр асасың!
Сынағы көп өмір - құт,
Сынақсыздың соңы - от.
Сынақ түбі - мереке,
Сабыр түбі - береке!
* * *
Күллі күнәнің бастауы - нәпсіден!
Нәпсісін басқарған адам - хан!
Адамдар ғана бір-бірімен сыйыспайды,
Ал басқа мақұлықтар туысымен ұрыспайды!
Тәкаппар адам ешкімді менсінбей жүріп, өзі елеусіз қалады....!
Бауырмал адам барлығын ойлап жүріп, жүректерде мәңгі қалады!
Ойға әркім жүйрік,
Одан да қыл тірлік!
Құр сөз пайда бермейді,
Иманың ғана жөндейді.
Адамдардың кейбірі осы дүниеде абыройлы болса, кейбірі Аллаһ пен періштелердің алдында абыройлы! Екінші айтылған абыройлылық, мына дүниеде сезілмеуі мүмкін. Тіпті бір қарағанда адамдардың ең қоры секілді көрінеді. Керісінше ондай адамның жалған дүниенің алдамшы қызығына алдануға уақыты да, қызығушылығы да болмайды. Күні-түні Құран оқып, аят жаттап, садақа беріп, адамдармен көркем қарым-қатынас жасаушы мұсылман, түбінде жақсылықпен қауышары хақ!
Қайтыс болған адамдардың ештеңе айта алмай кететіндігі өте өкініші...! Егер олар соңғы сапарында не көріп тұрғанын айтқанда еді, көпшілікке ғафылдықтан құтылуға үлкен сабақ болар еді.
10.12.2020
Адамдарға ашуланатын кезде, олардың болашақ мəйіт екендіктері есіме түсіп, дереу сабыр етемін!
Соңғы кездері не нəрсе жоғалса да, алғашқы соққының өзіне-ақ сабыр етуді үйрендік! Ал Аллаһ уəдесінде тұрып, бізге дүниемізді көп ұзатпай қайтарып беруде! Расында Ол нендей мейрімді, əрі əділетті!
Бұрындары адамдар дəл қазіргідей бай болмады! Бірақ пейілдері өте кең еді...!
Қазір адамдар зəулім сарайларда тұрады! Бірақ пейілдері өте тар! Екі-үш сағаттан артық ол сарайда саған орын жоқ! Орын табылған күнде, қызметшінің жанынан табыласың!
Дүниедегі ең қиын нəрсе - пенделерге шындықты түсіндіру! Түсінсе де, қарсы шығушы топтың жағдайы не болар екен..?!
Соңғы кездері Жаратқанға көп жақындаған сайын, оның да маған жақындығын сезіне бастағандаймын!
Адамдар иманға келген сайын, жүректері жұмсарса неткен ғажап! Өкінішке орай Аллаһтың білімінен аз ғана əсерленген пенделердің жүректері тасқа айналып бара жатқанын көп байқап, көп ренжіп жүрмін!
Адамдар өз ісінің нағыз маманы болғанда ғана, оны сол мамандықтың иесі деп атау керек шығар! Əйтпесе біздің қоғам тек "үміткерлер" мен "əдіскерлер" алаңына айналып кетті!
Бақыт - өзіңе керек жандар мен сені керексінетін жандардың жанында қауіпсіз ғұмыр кешу!
Кішіпейілділік - не деген қат дүние! Оны іздеп табу соңғы кездері алтын іздегенмен бірдей болды!
Шындықты мойындамау - оның жоқ екендігін білдірмейді!
Пенде - көп! Адам - аз!
Ұл мен қыз - тек бақыт сыйламайды! Егер тəрбие бермесең, мына өмірде уайымға, ана өмірде қайғыға душар етеді!
Өмірдің мəні - адамның жаратылу мақсатында! Мақсатыңды білу - амандықта болу!
Жүрегіңді емдейтіндер емес, сөз арқылы тілдейтіндер көп! Жан-дүниеңе үңілетіндер емес, оған жиренішпен түкіретіндер көп!
Шалынып қалсаң шаттанатындар мен көтерілсең бас салатындар қандай көп...!
Бізге Алланың алдымен кедейлік жібергені қандай ғажап! Алдымен бай болсақ кім дос, кім қас айыра алмаған болар едік!
Тағдырымыз қандай болса да, барлығы үшін Жаратқанға мың алғыс! Бізге не керектігін одан артық кім біледі?! Біз тек жақсылыққа ұмтылудың себебін жасаймыз, Аллаһтан сұраймыз! Арғы жағы тек Оның ғана құзырында!
Көбіне ойланғанды ұнатамын! Жақсы ой - жақсылыққа бастайды! Біреу ренжітсе - оңай кешіре салуды үйреніп жүрмін! Шығармашыл адамдардың жан-дүниесі нәзік келетіндіктен, кейде сәл нәрседен жаның жарақат алып, орынсыз сындар ұзақ мерзімге есеңгіретіп жіберуі мүмкін! Бірақ.... кешіргенді жақсы көремін....!
* * * * * *
Менің бір таң қалатын нәрсем - біздің жақтың адамдарының өте-мөте кішіпейіл келетіндігі...! (Алматы өңірінің адамдарын айтамын) Көшеде үлкен ата-әжелерге сәлем берсеңіз, сізден де төмен иіліп, сенен де ары жақын тартып тұратындығына ризамын! "Күнім", "жаным", "алтыным", "балапан", "ботам"- деп көбіне біз жақтың адамдары айтады екен! Тіпті келіндерімізге дейін "күнім"- деп отырады екенбіз! Өзге өңірлерден бұндай жылылықты көп байқай бермейсіз! Адамдардың жылы келбетінен басқа, ешнәрсе де маңызды емес екен бұл өмірде!
30.05.2018
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі