Өлең, жыр, ақындар

Аруларға арналған өлеңдер

Тұрғанында көктем, жастық мөлдір көк,
Ғашық отын уақыт қалай сөндірмек.
Сұқтандырар сұлу қыздар болмаса,
Мына өмір кетеді екен солғын боп.
 
Пәк махаббат жүрек терге гүл жайып,
Ғашығын күннен күнге ұлғайып.
Айдындағы аққу сынды ғажайып,
Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық.
 
Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,
Аруларды сүйе білгін адал-ақ.
Сол арулар – ертеңгі ұрпақ анасы,
Өтейікші алақанда аялап!

*** *** *** ***

Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
 
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
 
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
 
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
 
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!

*** *** *** ***

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар