Бадыкова Ляззат Рымовна, қонақжайлылық және туризм индустриясы колледжі, Алматы қаласы
Бүгінгі таңда туризм саласындағы тамақтануды ұйымдастыру кәсібінің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Астана қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы.
Мейрамханалық бизнес тартымды әрі болшағы зор: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы мейрамхана бизнесі дамуының өзектілігі өте жоғары, себебі қаламыз үлкен туристік орталық болып табылады және кез-келген туристің қызмет түрлерін таңдауға құқығы болу керек.
Еліміздегі мейрамхана бизнесін зерттеу сұрақтары және осы саланың нарықтық қатынастар кезіндегі даму болашақтары мен мәселелерін зерттеу және қоғамдық тамақтану мекемелерінің туризм индустриясының маңызды бөлігі ретінде дамуының өзектілігін зерттеу болып табылады.
Тамақтануды ұйымдастыру туризм индустриясында айтарлықтай орын алады, сондай-ақ АҚШ, Канада және Еуропа елдерінде өте үлкен табыс көзі болып табылады. Туризмнің дамуымен қоса Азия елдерінде мейрамхана ісінің дамуында байқалып келеді.
Туристік нарықтың статистикасының сараптамасы бойынша Қазақстан әлсіз дамыған. Республикамыздағы келуші туристер санының аздығы, ең алдымен туристік қызметтерге деген бағаның тым жоғарлылығына байланысты, оларға деген сұраныстың аздығы, Қазақстанның имидждік саясатының төмендігі, қажетті сервиспен байланыс құралдарының толық қамтылмағандығына байланысты.
Мейрамхана бизнесі дамуында туристік қызметті қолдау және мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту мақсатында, келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
Туризмнің дамуындағы тағы бір маңызды тенденция бар, ол – жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, олар туристік және мейрамхана бизнесіндегі есептілігі жүргізуді түбімен өзгертті, мекеме иелеріне көптеген мәселелерді шешуге, қонақтарға ыңғайлылық жасау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі