Махарана Пратап - XVI ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы Мевар мемлекетін билеген көсем.
Ол Моғол империясының билеушісі болған Ұлы Акбарды Үндістанның билеушісі ретінде ешқашан мойындамаған және өмірінің соңына дейін Акбарға қарсы күресті.
Махарана Пратап пен Ұлы Акбардың қолбасшылығымен 1576 жылдың маусымында болған Халдигхатидегі шайқас Үнді тарихында кеңінен таныс.
Пратаптың Удайпур қаласындағы мүсіні.
Махарана Пратапты үнділер ұлы қаһарман санайды және оны қатты құрметтейді.
Баргуджар әулеті Мевардың сенімді одақтасы болатын. Сондықтан олар Пратапқа барынща көмектесті.
Пратаптың соғыс кезінде мінген Марвари тұқымынан шыққан Четак атты ақбозаты болған екен. Тарихи жазбаларда бұл аттың өте сирек кездесетін асылтұқымды, ақылды ат болғаны, соғыста ерлік көрсеткені туралы баяндалады. Четак Халдигхатидегі ұлы шайқаста мерт болған екен.
Махарана Пратап 1597 жылдың 29 қаңтарында 56 жасында Чаванд деген жерде аң аулап жүріп, оқыс жағдайдан қайтыс болған.
Назар аудар:
Тәж Махалдың тарихы (немесе ғашықтық туындысы)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ерлан
Үндістан сол кездері бөлек бөлек болған ба?