Өлең, жыр, ақындар

Отбасы

Отбасы» дегенде ең әуелі біздің ойымызға өзіміздің ыстық ұямыз, қара шаңырақ, ата – әжелеріміздің айтқан ақылдары, анамыздың тәтті тамақтары, ыстық наны, бауырларымызбен күліп – ойнап өскен уакыттар, әкемізді «ӘКЕ» деп сыйлап, сол қатал мінезі, отбасындағы сондай қызықты шақтар еске түседі емес пе?! Иә, әрине! Отбасы – ол адам өміріндегі ең маңызды, ең басты, Алланың бізге берген есепсіз, баға жетпес сыйы. Өкінішке орай, сол сыйды  қазіргі заманда түсініп жатқандар мыңнан бірі ғана. Қаншама жас отбасылар «Отбасы» деген құндылықтың қадірін білмей, шаңырақтары шайқалып, ойрандалып жатыр. Соңғы 5 жылдық статистиканың көрсеткіші бойынша қалалық жерде ажырасу 40 % болса,  ал ауылдық жерде 20 % екен, және ажырасудың кесірінен жетім өскен балалардың саны жыл сайын 40 000 нан асып келетіні сөзсіз дәлел. Өкінішке орай, бұл жүрек ауыртарлық көрсеткіштер жылдан жылға көбейіп, неке қиюшы адамдардың саны емес, ажырасушылардың саны көбеюін көрсетуде.

Енді бізді « неге? Неге кезінде бұндай нәрсе болмаған? Қазір бұндай өрескел нәрселерге кім кінәлі? »  деген неше түрлі сұрақтар ішімізді қан жылатып,  мазалайды. Бұл сұрақтардың жауабы айқын, ол «Отан – отбасынан басталады » деген мақалдың өзі ашып тұр. « Бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілер » демекші, әуелі барлық тәрбие отбасынан басталады екен. Әрине, ешкім баласының жаман болғанын қаламайды ғой, «сол балам бақытты болса екен» деп, ойлайды. Әрине, бұл дұрыс. «Адамның қандай екенін отбасындағылардан сұра» деп, қазақ атам бекер айтпаған. Кез келген алам өзінің шынайы бейнесін отбасында ғана көрсетеді екен.

Енді қараңыз, неге кезінде осыншалықты отбасының ойрандалып, шаңырақтарының аяққа тапталуы аз болған?! Кезінде бәріміздің отбасымыз үлкен болды. Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, әкеміздің бауырлары, женгелеріміз, олардың балалары болып, үлкен отбасы болып тұрдық. Шіркін, сол кездер – ай! Ол қүндердің өзі бақытты балалық шақ еді ғой. Әжеміздің тапаға жапқан ыстық нандары, қою май, сүт, құрттары, абысындардың тату болып, бірігіп, күліп – ойнап жүріп істеген ыстық тамақтары қандай еді?! Осының өзі адам баласына жеткілікті емес пе?! Бірақ, бұндай бақытты бағалай алатындардың саны аз – ақ.

Негізі, Отбасы – кішігірім мемлекет. Ол мемлекеттің өзінің тәртібі, заңдары, әдеп – ғұрыптары бар. Адамның мінезінің, жүріс – тұрысының қалыптасуы, өмірде өзінің орнын тауып орнығуы, жеке тұлға болып дамуы осы қарапайым ғана отбасынан басталады. Яғни, отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Адамның қандай  жаққа өзгеруі, барлығы отбасындағы тәрбиеге байланысты екен.

Әл-Фараби атынан Қаз-Ұу студенті: Нұрдыхан Ұшқын

Аға оқытушы: Қаңтарбаева.Ж.У


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз