Өлең, жыр, ақындар

Отбасы құндылығы

Отан сөзін айтқанда оның негізгі бөлшегі отбасы ойға оралады. Отан үлкен үй болса, отбасы оның кірпіші іспеттес. Қайсыбір елде отбасы құндылығы жоғарғы деңгейде болса, мідениеті мен адами құндылықтары да жоғары екенін байқаймыз. Себебі, отбасы «тұлға» тәрбиелеп, ұшыратын мекеме іспеттес. Ал өз пікірі мен мақсаты ба, ақыл мен парасатқа ие, адамгершілігі  жоғарғы тұлға – кез-келген мемлекеттің негізгі байлығы. Сондықтан да, халқымыз Отанның бастауын – отбасында деп нақты атап кеткен («Отан –отбасынан басталады»)

Бір таң қаларлығы, «Ұл өсіре отырып, жердің елдің иесін, қыз өсіріп ұлтты тәрбиелейтін» дана халқымыздың отбасы мәселесін ең алғашқы орынға қоюы, ұрпағының тектілігін сақтауы үшін күресуі – қазіргі ғылымдардың көз жеткізіп отырған шешіміне айналып отырғаны. Кейбір білгішсымақтардың қазақи отбасы құндылығын ескіліктің сарқыншағы көріп, батысқа телміруге талпынып жататыны көңіл қынжылтады. Жауыздық пен зинақорлықтың ордасына айналып, ит пен мысықты «бала» қылып, бір жыныстылардан отбасын құрып жатқан бастыс мәдениеті әрине, бізге еш үлгі бола алмасы анық.

Отбасы отанның тірегі болуы үшін, қазақи қалыпты сақтаған,  тегі мен тілін былғамаған, діні мен ділі мықты отбасы болуы керек. Қазақ отбасын «Әке –асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп әдемі сипаттаған. Қазақи отбасында әкенің орны асқар тау сияқты қашанда жоғарғы орында, ал ана мейірім мен қамқорлықтың белгісіндей – мөлдір бұлақ болса, тауды саялап, мөлдір бұлақтан қанып ішкен балалары жайқалған құрағы болады. Бұл ата-бабамыздың терең дүниетанымынан туған бұзылмайтын қағидасы еді. Әйелдің ерін құрмет тұтып, дәрежесін көтеруі – оның парасаттылығынан болса керек. Сол үшін жақсы отбасының негізі жақсы жар таңдаудан басталатынын Жүсіп Баласаұн бабамыз былайша жырлап кеткен: «Ақылды әйел ізде – іздесең сен егер, есті болса, төрт құбылаң теңелер» (4502-бәйіт). Жаман әйелдің еріне, тіпті, бүкіл қоғамға тигізер кесірі туралы ұлы ойшылдардың сөздері мен халық арасына тараған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ой-пікірлер көп-ақ. Мысалы, Қорқыт ата әйелдерді төрт түрге бөледі: «Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі –- үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы». Қорқыт ата отбасының құты болған әйелдерді ең алғашқы мұсылман әйелдер Айша мен Фатимадай әйелдер екендігін айтып, ондай әйелдердің мыңдап өсуін тілейді.
Тағы ескеретін жайт әкенің асқар тауға лайық болуы. Себебі бұлақтың түзу ағуы да, құрақтың еркін жайқалуы да таудың беріктігінде. Ер адам отбасының мызғымас тірегі, сеным артар жігері болуы керек. Ендеше осындай отбасында тәрбиеленген ұрпақ, әрине тектілікті бойына сіңіреді.

Еркін Ернар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз