Өлең, жыр, ақындар

Құрғақ сөзге мәз, нақтылы ісі аз!

Бір жаңалық! Кейбір пысық жігіттеріміз көргендей-ақ тайып беріп, яки алды — артыңды орай сөйлеп, сізбен шапқылағанда құса құтқармастай, қашса жeткiзбecтeй шешенсымақ болып жүр, жолдастар!

Міне, осы ролді атқарып жүрген «шешеніміздің» бірі — 17 шахта комсомол ұйымдарының хатшысы Нұртазаұлы десек асырып айтпаған болмаспыз. Өйткені күндерден бір күн жолыға қалып:

— Биылғы мех — лавалар конкурсінен бергі істеріңізді бір сөз қылайықшы — дей бергенімде:

— Подаждый товарыш! Ол тіпті ұзақ қой... Былайша айтқанда енді, комсомолдың конкурс шартын орындап, таңдаулы бәйіт алғаны, кейін жауапсыздық, жұмысқа шықпай қалғаны, маскүнемділікке салынғаны, ру қоздырғаны, механизмнің тоқтағаны... ұшы-қиырсыз емес пе! — деп папиросын бұрқ еткізді.

— Ендеше, күздің күнгі жас екпінділер слетінде өзін призидиумде отырып өлкелік, облыстық партия комитеттеріне берген серттің орындалуына келешек — деп блокнотымды аша бастадым.

— Әй, сірә, мұның да реті келсе... Әлгі бір көгалдандыру тресі бізге көп мешаит етті ғой... Талды біресе Букбадан, біресе одан, біресе бұдан ал деп, әйтеуір... Ақыры құр қалғанымыз. Тым құрса мектеп пен аурухананың төңірегіне де тал еге алмадық. Өзгесi боса болмаса да — 100 процент — деп бір бүгіліп жантая кетті.

— Бәрін айтта, бірін айт, Мирзоян хаты не болды? — дедім тағы шұқылап.

— Вот, серьезный мәселе. Міне, осы... Оған енді прямо — шырт-шырт түкіре бастады. Тегі іспен жауап берер деп үміттендік.

— Я, жолдас, сонымен комбомолдарың қанша еді? — дегенімде:

— Жұмысшысы, қызметшісі бар, оның итогы 65, оның 58 шахтер, слесарь, машинес... Әшейін-ақ — деп бас бармағын бытырлата мылтықтың құлағындай қайырды Нұртазин.

— Соның нешеуі екінші? — деп саусағына қағып қалдым тағы.

— Екінші деңіз... ендеше бізде тіптен аз, фактышески 20. Әнебір Әкімұлы, Аймағамбетұлы секілділері болмаса, көбі қоғам жұмысынан қашық жүреді. Былайша айтқанда, знашит, 10 ғана шын екпінді бар-ау — деп жымың етті.

Әңгімеге қызу кірістік.

— Ой, көп жаса... техникаға жетілу, механизмді меңгеру, арттағыны қатарға алу жөнінде не істедіңіздер?

— Білесің өзің, мен келгел1 3-4-ақ ай... бұрын ұйым жұмысының он екіде бір нұсқасы болмапты... Мирзоян хатын талқылап, комсомолдарды түгел мех — лаваға бекіттім... Аймғамбетұлы, Әішмұлы, Мұқажанұлдары қазір механизмді өздігінен басқаруға жарады. Смена сайын машиналардың хәлін тексеріп, штабқа жазып отырады. Ол енді солай... Ал, техника оқуын учаске начальнигі Сәрсембаев бастап жүргізгенше бүгін табаны күректей 19 күн. Әзір емтихан берген, яки берерлік комсомолымыз жоқтың қасы...

— Тіпті, үлкен өзгеріс жасаған екенсің «товарищ»... Тазалықтың, мәдениеттің қамын өз қолдарына алдыңдар ма?

— Бүл жағынан да сорлы емеспіз. Шахтерлерге хат таныту үшін 15 комсомол бөлінген. Оның нәтижесін «тошный» айта алмаймын. Екпінділердің үлгісін барагында тазалық жақсы. Комсомолдар отырған 36-41 — барактар «помеиему» үлгілі деуге болады — деді де, осынын айналдыруы жаман екен, тегі масқара болармын деген кісіме малақайын басына жалп еткізіп, асыға түрегелді.

— Бір-екі минутқа шыдаңыз — дедім. Қабағы салбырап түсіп кетті, тізесін бүгіп.

— Жұмысшы пәтерлерін асхана, магазин, көшелерден ыластықтармен батыл күресе алмауларыңыз қалай?

— «Правелно» айтасыз, жолдас, әрине, ол жөнінде бізге ұрсуға да болады. Рас, көшелерде ыластық бар, дәретханалар шарасынан асқан, завхоз оны көрмейді. Рас, жұмысшы барактарында мәдениетіңіздің күні. Бір баракта кемінде 15-20 шахтердің семьясы бар. Бірі таза болғанмен, бірі лас. Үгітімізге көнбей қойды. Ластыққа төзім бермеуге мүмкіншіліктің өзі де жоқ — деп сөз аяғын күмілжіте тайып берді.

Ұштасқан былықтың шетін бассаң, ортасы былқылдайтын әдеті ғой. Детколонияның ішін аралап, Нұртазин айтқан 36-41 — барактардағы комсомолдардың «тамаша» жатақ үйлері мен екпінділердің үлпілі барарын да шолып өттім. Айтқаны шылғи өтірік. Бәрінде де тазалық, тәртіп, мәдениетті тұрмыс үшін күрес жоқ. Бәрі де комсомол ұйымының Мирзоян жолдас қойған екі міндетін орындауда ақсонар мылжың, құрғақ дабыл, көз бояушылықты мықтап берілген куәлік айтқалы тұр.

Бұлары енді жұмсағырақ айтқанда, ұят қой, тіпті, ұят нәрсе ғой, жолдастар. Бұған қалалық комсомолдар комитеті қалай қарайды екен?

1935.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз